Бал ешқашан бұзылмайтыны рас па?

Бал ешқашан бұзылмайтыны рас па?
Фото: pixabay.com

Кез келген дерлік өнімнің жарамдылық мерзімі бар. Жемістер бірнеше күн ғана сақталса, консервіленген өнімдер айлап, кейде жылдап сақталады. Ал балға келетін болсақ, ол ешқашан бұзылмайтын секілді көрінеді. Бұл рас па?

Балдың құрамында пайдалы заттар өте көп. Алайда оның негізін қант пен су құрайды. Балдың құрамы ара мен өсімдік түріне қарай әртүрлі болуы ммкін. Бал бактериялар көбеюінің алдын алуға көмектесетін антибактериялық қасиетке ие.

Балда ылғалдың өте аз болуы бактерияларға өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Ал бактерияларсыз бал бұзылмайды. Сондай-ақ бал қышқыл болғандықтан, ол тамақты бұзатын көптеген бактерия мен ағзалардың алдын алады.

Сонымен қатар аралар балға өздерінің ферменттерін қосады, осы ферменттер сутек тотығын өндіреді. Ал ол - біз жараны емдейтін антисептик.

Көпшілік сарапшы бал қарайса да, кристалданса да, оны жеуге болатынын айтады. Металл немесе пластикалық контейнерлер балды қышқылдандыруы, ал жылу оның дәмін өзгертуі мүмкін. Сондықтан балды жылу беретін электроникадан алыс сақтаңыз. Сондай-ақ балды аузы жақсы жабылатын әйнек ыдыста сақтаған дұрыс. Ал ыдыстан бал алған кезде таза және құрғақ қасықты пайдалану керек. Егер балға ылғал түссе, ол бұзыла бастайды.

Неліктен бал салынған кейбір құтыларда жарамдылық мерзімі көрсетіледі?

Бал жылдар бойы жеуге жарамды бола алады. Бірақ бал табиғи өнім болып саналады, сондықтан ол уақыт өте өзгереді. Мысалы, балдың түсі қараюы, консистенциясы қоюлануы және дәмі өзгеруі мүмкін. Десе де, бұл өзгерістер оның пайдасын жоймайды.

Балдағы мұндай өзгерістер жақсы белгі болып саналады, себебі олар оның табиғи және сапасының жақсы екенін көрсетеді. Бастысы, бал ашымауы (божу) керек. Ал жарамдылық мерзімі дүкендерге арналған маркер болуы мүмкін: олар соған қарап ескі өнімді жаңаларына ауыстырады.

Оқи отырыңыз: Күнде бал қосылған су ішсеңіз не болады?

А. Жапатова