Ақтөбеде екі адам кәсіпкерден 35 миллион теңге бопсалап жүрген

Ірі көлемде ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кешенін өткізу кезінде кәсіпкерді қорқытып 35 миллион теңге бопсалаған екі күдіктіні ұстады.

"ІІО есебінде тұрған күдіктілер кәсіпкерден ақшалай қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсіп, олардан қолма-қол ақша, оның ішінде бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 миллион теңге, бірнеше ұялы телефон, банк карталары мен пышақ тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!