Пойызға кешігіп қалсаңыз, билет құны қайтарыла ма? ҚТЖ жауабы

Пойызға кешігіп қалсаңыз, билет құны қайтарыла ма? ҚТЖ жауабы
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Пойызға кешігіп қалдыңыз. Мұндай жағдайда билеттің ақшасын қайтаруға бола ма? Бұл сұраққа "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі жауап берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалының" тасымалдау ережелеріне сәйкес пайдаланылмаған жол жүру билеттері жолаушыға қайтарылады:

- пойыз жөнелуіне 24 сағаттан аспаған болса толық билет құны қайтарылады;

- 24 сағаттан аз, бірақ пойыз жөнелтуіне 6 сағаттан аспаған болса - билет құнының 50 %-ы қайтарылады.

Жолаушы пойыздан кешігіп қалды. Бірақ бір сағат өтпесе ше? 

"Пойыздың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда пойыз жүріп кеткенше бір сағаттан кешіктірмей жол жүру ақысының 30 пайыздан аспайтын билет құны қайтарылады", - делінген хабарламада.

Жолаушы пойызға бір сағаттан асып кешігіп келсе, билет құны қайтарылмайды.

"Пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағат өткен соң билет құны қайтарылмайды", - деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жолаушы билет күнінен қателесіп, басқа күні вокзалға келетін жағдайлар кездеседі. Мысалы, 28 қаңтар 00:10-да жөнелтілетін пойызға адамдар 29 қаңтарда келді. Мұндай жағдайда не істеу керек?

"Пойыз кетіп қалғандықтан, өкінішке орай өтемақы төленбейді. Сондықтан болашақта мұндай жағдайға тап болмас үшін жолаушылар билеттерін мұқият тексеріп алғаны жөн", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы