Суды тиімсіз пайдаланатындарға жауапкершілік күшеюі мүмкін

Үкімет отырысында су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның пікірінше, бүгінде су саласындағы нормативтік-құқықтық база қоғам мен мемлекеттің қазіргі талабы мен сұранысына жауап бермейді. Сондықтан бұл концепцияны нақтылап, суды тиімсіз пайдалантындарға жауапкершілікті күшейту керек.

"Жаңа Су кодексінің жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Сондай-ақ, қазіргі құқықтық, экономикалық, еліміздегі экологиялық қатынастарға сәйкес:

  • Бірінші. Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын жаңарту;
  • Екінші. Судың "қара нарығын" жою жөніндегі, оның ішінде су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті заңнамалық деңгейде қатаңдату арқылы шараларды күшейту;
  • Үшінші. Жеке тұлғалардың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және кәсіпорындардың тиімді су тұтынуын ынталандыратын су тұтыну мен су бұрудың кеңейтілген нормаларын жаңарту керек", - деді Нұржан Нұржігітов.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!