Балық аулауға кетіп, оралмаған: Атырауда ер адам іздестіріліп жатыр

Атырауда балық аулауға кетіп оралмаған ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz басылымына сілтеме жасап.

"Жұмыскер-1" ауылының 1998 жылғы тұрғыны із-түзсіз кеткеніне алаңдаған туыстары 28 қаңтарда құтқарушыларға хабар берген. 

Туыстарының айтуынша, ол балық аулауға кетіп, оралмаған.

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары екі күннен бері Жайық өзенінде іздеп жатыр. Бұған Төтенше жағдай департаментінің 4 құтқарушысы жұмылдырылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!