Таразда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып өлтірген

Таразда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып өлтірген
Фото: Ktk.kz

Таразда 29 қаңтарда Төле би даңғылымен жүріп келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

"Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады Тараз ПД баспасөз қызметі.

Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны немесе көлік құралдарын басқарушы адамдардың көлік құралдарын пайдаланғаны үшін абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін соталды тергеу басталды. Автобус жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә