Әнші Мадина Сәдуақасова өзін жек көріп, жаман пікір жазатындарға жауап берді

Әнші Мадина Сәдуақасова өзін жек көріп, жаман пікір жазатындарға жауап берді
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова өзін жек көретіндерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осылайша әнші хейтерлерге жолдау жасаған. 

"Дәл қазір мен өзіме бір рет болса да жағымсыз пікір жазған жандарға сұрақ қойғым келеді: "Не үшін жағымсыз пікір жаздыңыз? Мадина осы уақытқа дейін біреуіне де кері жауап қайтармады, тіпті, блокқа да қоймайды" деп тоқтамай, пачкілеп жазатындар бар, жылдап (еті үйреніп кеткен-ау).

Құрметті менің негативщик-хейтерларым, өміріңіздегі сәтсіздіктерге, ашуыңызға әнші Мадина Садуақасованың еш қатысы жоқ! Соның бәрін Сізді ренжіткен адамға айтыңыз, жеңілдейсіз! Немесе бұл жаман әдетті қойып (маған негатив жазуды ) немесе отписка жасап, басқа жертва табыңыз !!! Ал мен өзімді қолдайтын, шығармашылымды жақсы көретін, құрметтейтін, жаны ашитын, мейлі, кейде дұрыс сын (негатив емес) айтатын жақсы адамдармен өмірде қалғым келеді", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАДИНА САДВАКАСОВА (@sadvakasovamadina)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина