Шымкентте скутер мен жеңіл көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Шымкентте скутер мен жеңіл көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Фото: otyrar.kz

Шымкенттегі Темірлан тасжолында жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

"Жайлау" аялдамасына жақын жерде Chevrolet Cobalt көлігі мен скутер соқтығысқан. Екі көлік те бір бағытта кетіп бара жатқан.

Алда Chevrolet жүріп бара жатқан, бағдаршамда жүргізуші бұрылғысы келген. Осы кезде оның артынан скутер соғылған. 

Скутер мінген жас жігіттің беті жараланып, мұрны сынып, ауруханаға түсті.

Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан