Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап, мерт болды

Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап, мерт болды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап, мерт болды. Ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйден адам құлағаны туралы хабарлама түскен. Медициналық бригада оқиға орнына сегіз минутта жетті. 

Дәрігерлер барғанға дейін 48 жастағы ер адамның оныншы қабаттан құлағаны анықталды. 

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірше түсінік берген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан