Түркістан облысында жанармай құю бекетінде өрт шықты

Түркістан облысында жанармай құю бекетінде өрт шықты
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында жанармай құю бекетінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Касса залындағы электр аппараты өртенді. Жанар-жағармай құю бекеті қауіпті орын болғандықтан, өрт сөндірушілер санаулы минуттарда жетіп, өртті тез арада сөндірді.

Өрт 50 шаршы метр болатын бөлмедегі электр машинасын шарпыған. 

Арнайы техника мен төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері жұмылдырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан