Алматы Орталық Азиядағы өмір сүруге ең қымбат қала деп танылды

Жылжымайтын мүлік бағасы мен өмір сапасының көрсеткіштері туралы ақпараттарға негізделген Numbeo дерекқоры Орта Азия елдері ішінде Алматыны ең қымбат қала ретінде таныды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы 36,2 индексімен көш бастайды. Тізімде Қазақстанның тағы бір қаласы, яғни елорда да бар. Оның индексі - 34,0. Одан бөлек көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанның да қалалары енген (Ташкент - 28,5 және Бішкек - 28,3).

Айта кетейік, бұл индексте азық-түліктің, мейрамханалардың, көліктің және коммуналдық қызметтердің бағалары ескерілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!