Шетелдік көліктерді заңсыз рәсімдеп, қыруар пайда тапқандар анықталды

Шетелдік көліктерді заңсыз рәсімдеп, қыруар пайда тапқандар анықталды
Фото: ҚМА

Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.

Топтың құрамында бұрынғы полицей де болған.

Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеуде. Істің деректеріне сәйкес, 55 көлік заңсыз тіркеуге қойылған. Оларды есепке қоюға жалған төлем және есеп айырысу құжаттары пайдаланылған.

"Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге залал келді. Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтарда тиісті төлемдерді төлемей, электронды өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану арқылы шетелдік көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырды ", - деп жазылған ҚМА таратқан хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz