Путин президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Путин президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді президенттікке кандидат ретінде тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Владимир Путин бесінші мерзім қатарынан сайлауға түсіп жатыр, ол сайлауға өз-өзін ұсынған кандидат ретінде қатысады.

Ресей президентін сайлау 2024 жылғы 15-17 наурыз аралығында өтеді. Инаугурация 2024 жылғы 7 мамырға жоспарланған. Президент 6 жылға, яғни 2030 жылғы 7 мамырға дейін сайланады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова