"Ажырасып кетуге дейін бардық". Әнші Ұшқын Жамалбек алғаш рет әйелі туралы айтты

"Ажырасып кетуге дейін бардық". Әнші Ұшқын Жамалбек алғаш рет әйелі туралы айтты
Фото: Видеодан скрин

"Алашұлы" тобының бұрынғы мүшесі, әнші-композитор Ұшқын Жамалбек "Қызықты weekend" бағдарламасына берген сұхбатында әйелі Жайна Толқынмен ажырасуға дейін барғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші мен жұбайы Жайна Толқынның отауласқанына биыл 7 жыл. 

"Жайнамен ең алғаш "Алашұлы" тобында өнер көрсетіп жүрген кезімде "суретке түсейін деп едім" деп жаныма келгенде танысқанбыз. Менің қызбен танысайын, жар таңдайын деген ойым болмапты, Жайнаға да үйленемін деген ойым мүлде болмады, бастапқыда танысып, жай сөйлесіп жүрдік. Бір-бірімізбен шынайы болдық. Әрине, уақыт өте, сау адам болғандықтан арамызда махаббат оянды. "Алашұлы" тобынан кеткеннен кейін жарық көрген сезім, махаббат туралы әндерім жұбайыма арналады. Алғаш сезімімді білдірген кезде сенбей, "қойшы, аға" деген еді, тіпті үйленгеннен кейін 1,5 жыл бойы "аға" деп жүрді. Бір-бірімізге біраз уақытқа дейін үйренісе алмай жүрдік, тіпті 3-ші жылы ажырасамыз деген де әңгіме болды. Бірақ кейін көлікте отырып, ашық әңгімелесіп бір шешімге келдік. 

Әйелімнің мамандығы актриса, бірақ қазір кәсіппен айналысады, мектебіміз бар, жарыққа шықпауының да себебі сол. Кезінде театрда жұмыс істегісі келген, алайда мен қарсы болған едім. Ал қазір шешімімнің дұрыс екенін түсініп отырмын, себебі оның өз тірлігі шаш-етектен, барлығына бірдей үлгере алмас еді. Жас айырмашылығымыз 6 жас", - деді әнші.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бензобактың шамы жанғаннан кейін онда қанша бензин қалады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә