Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, тонаған ер адамдар ұсталды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арыз түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіт үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Polisia.kz-ке" сілтеме жасап.

Полицейлер 28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шара жүргізіп,  1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғынын ұстаған. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған.

"Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ауызға неге темірдің дәмі келеді?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!