"Басқа тірлігіңіз жоқ па?" Белгілі журналист өзіне айтылған сынға жауап берді

"Басқа тірлігіңіз жоқ па?" Белгілі журналист өзіне айтылған сынға жауап берді
Фото: Руслан Өтепбайдың парақшасындағы видеодан алынған кадр

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тележүргізуші өзіне "осы қыздардан басқа тірлігіңіз жоқ па?" деп жазған оқырмандарына ашулы.

"Өткенде бір оқырман: «осы қыздардан басқа тірлігіңіз жоқ па",- деп жазып жіберіпті. Менің бұл қыздардан басқа тірлігім жетіп, артылады! Бірақ, бұл қыздардың бізден басқа кімі бар? Сондықтан ондай жалаң сөз, қысыр әңгімеден ада болайықшы! Керісінше, Құндыз бен Назгүлге тілекше боп, жігерін қайрайық!

Ал бұл видео азғантай еңбектің нәтижесі", - деп жазған ол.

Ал Желі қолданушылары Руслан Өтепбайдың бұл ісіне алғыс білдіріп, қыздарды орта жолда тастамауын өтінген.

"Руслан мырза, өтініш қыздарды орта жолда тастамаңыз, қоғамдык ортага косылып кеткенше көмек беріңіз", "Жарайсың Руслан. Сен сиякты ешкім қамқор бола алмады. Алладан кайтсын", "Аллам Бейсен Құранбек ағамыздың орнына сізді жіберіп отыр. Қазағымның бағына мың жасаңыз!", "Алла разы болсын, Руслан бауырым, нағыз сендей азамат көп болсын", "Бізге өте маңызды екі кыздың тағдыры, өзгеріс көріп отырмыз, нәтиже керемет сізді дүниеге әкеген ата-анаңызға мың алғыс", - деп пікір қалдырған оқырмандары.

Еске салайық, бұған дейін "Құлдық зынданынан шыққанына 1 ай өтті". Қорада тұрып, мал баққан апалы-сіңілінің ауыр тағдыры хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ауызға неге темірдің дәмі келеді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә