Оралда кредит алуға салынған тыйым зейнеткерді алаяқтардың құрбаны болудан сақтады

Оралда кредит алуға салынған тыйым зейнеткерді алаяқтардың құрбаны болудан сақтады
Фото: elements.envato.com

Egov мобильді қосымшасында кредит алуға салынған тыйым зейнеткерге банк алаяқтарының құрбаны болмауға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город"-қа сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан полиция департаменті осыдан бірнеше ай бұрын Оралда тұрғындарының үйін аралаған кезде зейнеткер тәртіп сақшыларынан несиеден бас тарту қызметінен қосып беруді өтінген. Полицейлео зейнеткерге Egov мобильді қосымшасын орнатып беріп, оның көмегімен несие алуға тыйым салған.

Сақтық шарасы бекер болмай шықпайды. Алаяқтар ер адаммен байланысып, оған айтқандарын істетуге мәжбүрлеп, оның жеке мәліметтерін алып алған.

Алайда бірнеше ай бұрынғы несиеден бас тарту амалы алаяқтарға арам ойын іске асыруға мүмкіндік бермеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан