Дәрігер кофеге ешқашан қосуға болмайтын сусынды атады

Қыста көптеген адамдар кофеге алкогольді қосу арқылы жылынуды ұнатады. Кофені коньяк немесе виски сияқты күшті және хош иісті алкогольмен араластыру классикалық қосылыс. Мұндай коктейльдерді дайындауға арналған көптеген рецепттер бар. Алайда дәрігер мұндай екі сусынды араластыру қауіпті екенін айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Коньяк немесе виски қосылған кофе денсаулыққа да пайдалы деген пікірлер бар. Олар денеге күш-қуат береді, бас ауруын басады және көңіл-күйді көтереді. Алайда медицина факультетінің оқытушысы Александр Умнов мұндай сусындар біздің ағзамызға зиян екенін айтты. 

"Өмірде таң қалатын нәрселер көп. Кофе мен алкогольді араластыру ақылға қонымсыз. Өйткені, кофе де, алкоголь де жүрек соғу жиілігін жеке өзгертеді және бірге жүрекшелердің фибрилляциясының, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің, блокадалардың және экстрасистолалардың даму қаупін арттырады. Бұл дегеніміз арақ пен энергетикалық сусынды араластырғаннан да жаман нәрсе",- дейді Александр Умнов

Сондай-ақ дәрігер кофеин мен этанолдың бірлескен әсері күшті вазоспазмға әкелетінін айтты. Кофе мен алкогольдің үйлесімі спазмды тудырады және миокард инфарктісі мен ишемиялық инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары асқынуларының қаупін жоғарылатады. Ал қан тамырларының тарылуы гипертонияға әкеледі. 

Алкоголь қосылған бір стақан кофеден кейін бүкіл дененің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлауы мүмкін. Атап айтқанда, бүйрек артериолалары мен капиллярларының спазмы салдарынан бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі туындайды. Десекте коньякпен немесе басқа күшті сусындармен кофе ішудің басқа да салдары бар.

"Алкоголь орталық жүйке жүйесін төмендететінін түсінуіңіз керек, ал кофеин, керісінше, оны ынталандырады, бұл психоздар мен невроздардың даму қаупін арттырады. Нәтижесінде ұйқы нашарлайды, асқазан жарасының ықтималдығын арттырады", - дейді дәрігер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!