Ұйықтар алдында алкоголь ішсеңіз ағзада не болады?

Ұйықтар алдында алкоголь ішсеңіз ағзада не болады?

Алкогольден біржола бастарта алмасаңыз, мүмкіндігінше аз ішуге тырысыңыз. Өйткені алкогольдің қауіпсіз дозасы жоқ. Шарап ішкенде бастапқыда өзіңізді жақсы сезінгеніңізбен, бірнеше уақыттан кейін күйзеліске қайта оралып, көңіл-күйіңіз одан да нашарлайды. Бірақ кейде кешкі аспен бір стақан шарап немесе сериал көргенде бір бөтелке сыра ішу зиянсыз әрекет секілді көрінеді. Алайда зерттеушілер бұл әрекет ұйқыны қатты нашарлатуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Кейбір адамдар кешке аз мөлшерде алкоголь ішу жақсы ұйықтауға көмектеседі деп сенеді. Алайда Браун университетінің ғалымдарымен бірге "EP Bradley" ауруханасының ұйқыны зерттеу зертханасының неврологтары тобы бәрі керісінше деген қорытындыға келді. Ұйықтар алдында алкогольді ішу REM ұйқысының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Алдыңғы зерттеулер көрсеткендей, REM ұйқысы біз ұйықтайтын жалпы уақыттың шамамен 20% алады, бірақ бұл өте маңызды. Ғалымдар оның мақсатын әлі толық ашпағанымен, оны жеткілікті түрде қабылдамайтын адамдар келесі аурулардан зардап шегетінін нақты зерттеді:

  • есте сақтау проблемалары;
  • стресс, апатия, тітіркену;
  • Ойды жинақтай алмау проблемалары.

Жаңа зерттеуге 30 адам қатысты. Қатысушылардың барлығы үш күн, үш түнді зертханада өткізді. Олардың миы үнемі бақыланды. Эксперимент екі мәрте жүргізілді.

Адамдар екі топқа бөлінді: бірі ұйықтар алдында бір сағат бұрын алкогольсіз коктейльдер ішсе, екіншісі алкоголь қосылған сусындарды ішкен. Қатысушылар бір уақытта төсекке жатты.

Ғалымдар, егер адам кем дегенде бір стақан алкогольдік коктейль ішсе, бұл оның REM ұйқы фазасын едәуір қысқартып, баяу ұйқысын ұзартатынын анықтады. Бұл үш күн бойы қайталанды. Сонымен қатар, алкогольді ішкен қатысушылар тезірек ұйықтап қалды. Бірақ олардың ұйқы сапасы айтарлықтай нашарлады.

Алкогольдің аздаған дозасы да REM ұйқы фазасына әсер етіп, оның тапшылығына әкелетіні белгілі болды. Сіз бір стақан шараптан кейін жақсы ұйықтай аласыз, бірақта келесі күні сіздің жағдайыңыз айтарлықтай нашарлайды. Әсіресе эмоцияларыңызды бақылау, жаңа нәрселерді есте сақтау және логикалық мәселелерді шешу қиынға соғады.

Ұйықтай алмаудың себебі не?

Кейде ұйқы проблемалары жүйкеліктен емес, басқа себептерден пайда болады. Мысалы, кешкі асқа көмірсуларды тым көп жесеңіз, бірден ұйықтай алмауыңыз мүмкін. Сондықтан кешке көкөністер, жемістер мен қантсыз йогуртпен тамақтанған дұрыс.

Тағы бір мәселе ұйықтар алдында екі сағат бұрын гаджеттерді қолданбауға тырысыңыз. Айтпақшы, ұйықтар алдында теледидарды да көрмеген абзал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов