Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

37 жастағы жергілікті тұрғынның автокөліктерде ұрлық жасаудың екі жайтына қатысы бар екені анықталды. Ол көліктің салонына құлыптарды бұзу арқылы кірген.

Осылайша қаскүнем көпқабатты үйлердің ауласында тұрған Opel Vectra және Volkswagen Passat көліктеріне ұрлыққа түскен. Күдікті ноутбук, болгарка және дәнекерлеу аппаратын қолды еткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асады.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ер адамды бейнебақылау камералары арқылы ұстады.

Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізіл3іп жатыр.

Тәртіп сақшылары автокөлікке заңсыз кiрумен жасалған ұрлықтың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Көлік құралының салонында бағалы заттарды мейлінше қалдырмауға тырысыңыз; көлік есіктерінің жақсы жабылғанын үнемі тексеріп, сенімді дабыл жүйесін орнатыңыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина