БҚО-да "жалған полицей" ұсталды

БҚО-да "жалған полицей" ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпараттарды тексеру жұмыстарын жүргізу барысында Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 1990 жылы туған Орал қаласының басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткенін анықтады.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында "страйкбол" ойыны үшін автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті тоқылған бетперде табылып, тәркіленді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!