Көздің көру қабілетіне пайдалы тағам аталды

Көздің көру қабілетіне пайдалы тағам аталды
Фото: elements.envato.com

Бірде-бір диета көздің көру қабілетін жақсарта алмайды, алайда кейбір тағамдар көздің көру қабілетін сақтауға және аурудың дамуын болдырмауға көмектеседі. Бұл туралы офтальмолог және офтальмохирург Виктор Борзых айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Борзых көздің көру қабілетін сақтау үшін дұрыс тамақтану және жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды екенін айтады. Сонымен қатар, оның сөзінше, кейбір өнімдерде көзге пайдалы дәрумендер мен заттардың көп мөлшері болады. Әсіресе, теңіз балықтары (лосось, тунец, сардина) көздің негізгі компоненті саналатын докозагексаен қышқылының таптырмас көзі екен.

Маманның пікірінше, шпинат пен жасыл көкөністер көзге пайдалы. Дәрігер олар құрамындағы антиоксиданттар көз тіндерін зақымданудан қорғайтынын түсіндірді. Сонымен қатар, маман бұл көкөністер жарықтың зиян әсерін азайтуға көмектеседі деп санайды.

Офтальмолог көкжидек және таңқурайды жиі жеуге кеңес берді. Өйткені бұл жидектерде көз тамырларын нығайтатын және торлы қабықты қанмен қамтамасыз ететін С дәрумені көп.

Сонымен қатар, қан айналымын жақсартатын Омега-3 май қышқылдары да пайдалы екен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова