"Ақ изолентаға оралған". Алматылық тұрғын іш киіміне есірткі жасырған

Полиция қызметкерлері Алматының Әуезов ауданында жүргізген арнайы іс-шара барысында жас алматылықтан "мефедрон" есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Г.есімді азамат есірткі заттарын бетбелгі қою арқылы заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін күдікке ілінді.

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін әлеуметтік желі арқылы сатып алған.

"Күдіктінің жеке басын тінту кезінде оның іш киімінен ақ изолентаға оралған, ішінде ұнтақ тәрізді зат бар полиэтилен бума табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық психотроптық "мефедрон" есірткісі болып шықты. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деді есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!