Алматыдан көлік ұрлаған ер адам ұсталды

Алматыдан көлік ұрлаған ер адам ұсталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жамбыл полицейлері Алматыдан көлік ұрлаған ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 қаңтарда Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне Алматыдан Toyota Camry көлігін ұрлап, Шымкент қаласы бағытында келе жатқан күдіктіні ұстау туралы бағдар түскен. Қызметкерлер Батыс Еуропа - Батыс Қытай республикалық маңызы бар тасжолының 240-шақырымында қызмет өткеру кезінде бұл көлікті байқап, оны тоқтатқан.

"Тексеріс барысында жүргізушінің көлікті тізгіндеуге тиісті құжаттары жоқ екені және іздеудегi ұрланған көлік ретінде тіркелгені анықталды. Бұл көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы 2 жолаушы болған. Көлік ұрлағаннан кейін жүргізуші ақша табуға шешім қабылдап, жолда өзіне екі жолаушыны отырғызғаны белгілі болды. Оқиға орнына Қордай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келді. Қазір күдікті Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасына берілді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова