Түркістанда ер адам төрт тұрғынның банк картасынан ақша шешіп алған

Полиция Түркістанда тұрғындарды алдап, олардың банк картасынан ақша шешіп алған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға төрт тұрғыннан арыз түсті. Олардың айтуынша, банкоматтың алдында бейтаныс адам ақшаны шешіп беремін деп, "Сіздің есеп шотыңызда қаражат қалмады" деп, алаяқтық жолмен оны шешіп алған.

Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген. Полицейлер 37 жастағы ер адамның кім екенін анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның тұрғындарды алдап алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.

Күдікті ер адамға қатысты алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!