Қазақстан Ғылыми Энциклопедиясы #1

Қазақстан Ғылыми Энциклопедиясы #1

Қазақтың осы күнге дейінгі ғылымының дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы қысқа деректер топтамасын ұсынамыз.

Зейнолла Қабдолов (1927-2006) – Филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), ҚР ҰҒА Академигі (1989), Қазақстан халық жазушысы (1994), ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995), ҚазМУ (ҚазҰУ) түлегі (1950).

Мұхамеджан Қаратаев (1910-1995) – Филология ғылымдарының докторы (1963), профессор (1965), ҚР ҰҒА Академигі (1975), ҚазССР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974), ҚазПИ (ҚазҰПУ) 1933 жылы бітірген, Ленинградтың тарих, филология және әдебиеттану институтын бітірген (1936).

Дінмұхамед Қонаев (1912-1993 ж.ж.) – ҚР ҰҒА Академигі (1952), Техникалық ғылымдардың докторы (1963), Үш рет Социалистік еңбек ері (1972,1976,1982), Мәскеудегі Түсті металдар Институтын бітірген (1936), ҚҒА Президенті (1952-55), Қаз КП ОК 1-хатшысы (1960-62, 1964-86).

Мұхтар Құл-Мұхаммед (1960, ҚХР, Шәуешек қаласы) – Тарих ғылымдарының кандидаты (1995), Заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2000), Нью-Йорк Ғылым Академиясының толық мүшесі (1997), ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының Академигі (2001), ҚазҰУ түлегі (1982), «Атамұра» корпорациясының президенті (1992-99), ҚР ПС депутаты (1999-2001), ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрі (2001-03), ҚР Президентінің Кеңесшісі (2003-07), Қызылорда облысының әкімі (2007-08), ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрі (2008-10), ҚР Мәдениет Министрі (2001 жылдан бері).

Талғат Мұсабаев (1951 жылы туған) – Техника ғылымдарының докторы (2008), РФ Батыры (1994), ҚХ Қаһарманы (1995), Генерал Лейтенант (2007), үш рет ғарышқа ұшты (1994,1998,2001), ҚР ҰҒ Агенттігінің Төрағасы (2007 жылдан бері).

Мекемтас Мырзахметұлы (1930 жылы туған) – Абайтанушы ғалым, Филология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1995), ҚазҰПУ түлегі (1953), «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығының директоры.

Рымғалы Нұрғали (1940-2010) – Филология ғылымдарының докторы, профессор (1995), ҚР ҰҒА Академигі (2003), ҚазҰУ түлегі (1963), «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы» (2003).

Қойшығара Салғарин (1939 жылы туған) – Филология ғылымдарының докторы (1995), ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2003), ҚазҰУ түлегі (1964), ЕҰУ лаборатория меңгерушісі (1998 жылдан бері).

Қаныш Сәтбаев (1899-1964) – Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), ҚР ҰҒА тұңғыш президенті (1946), КСРО ҒА Академигі (1946), ҚҰ ҒА Академигі (1946).

Ақселеу Сейдімбек (1942-2009) – Филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (2003), ЕҰУ кафедра меңгерушісі (2000-09), «Қазақтың күй-аңыздары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Мырзатай Серғалиев (1939 жылы туған) – Филология ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), ҚР ҰҒА Академигі (1995), ҚазҰУ түлегі (1960), ҚазҰУ-да аға оқытушы, профессор (1965-99), ЕҰУ кафедра меңгерушісі (1999 жылдан бері).

Зейнолла Серікқали (1938-2004) – Филология ғылымдарының кандидаты (1968), профессор (2000), ҚазҰУ түлегі (1960), 2001 жылдан өмірінің соңына дейін «Раритет» баспасының бас редакторы болды.

Д.В.Сокольский (1910-87) – Химия ғылымдарының докторы (1949), профессор (1949), ҚР ҰҒА Академигі (1951), ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960), Социалистік еңбек ері (1969), МГУ түлегі (1934).

Иманғали Тасмағанбетов (1956 жылы туған) - Философия ғылымдарының кандидаты (1990), саясаттану ғылымдарының докторы (1998), ҚР Президентінің бірінші көмекшісі (1998), Атырау облысының әкімі (1999), ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (2000), ҚР Премьер-Министрі (2002), ҚР Мемлекеттік Хатшысы (2003), ҚР Президент әкімшілігінің жетекшісі (2004), Алматы қаласының әкімі (2004-08), Астана әкімі (2008 жылдан бері).

Төлеген Тәжібаев (1910-64) – Педогогика ғылымдарының докторы (1962), профессор (1949), ҚР ҰҒА Академигі (1954), ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1961-64).

Кемел Ақышев (1924-2003) – археолог, тарих ғылымдарының докторы (1988), ГФР Археология Институтының корреспондент мүшесі (1982), ҚазҰУ түлегі (1950), Есік обасынан Алтын Адамды тапты, Бесшатырды ашып, Отырар жәдігерлерін зерттеді, ЕҰУ кафедра меңгерушісі (1991-2003).

Жамбыл Артықбаев (1959 жылы туған) – тарих ғылымдарының докторы (1997), профессор (2001), ҚарМУ кафедра меңгерушісі (1997 жылдан бері).

Санжар Аспандияров (1889-1938) – Ташкент Реалдық Училищесінің түлегі (1907), Петербор әскери медицина академиясын 1912 жылы бітірген, I Дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1914-15), МГУ профессоры, Шығыстану Институтының директоры (1925-28), ҚазҰПУ-дың тұңғыш ректоры (1928-31), Алматы Медицина Институтының тұңғыш ректоры (1931-33).

Тоқтар Әубәкіров (1946 жылы туған) – Техника ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997), Авиацияның Генерал-Майоры (1992), Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Халық Қаһарманы (1995), РФ «Арвамир» жоғары әскери ұшқыштар училищесін 1969 жылы бітірген.

Ермұхан Бекмаханов (1915-66) – тарих ғылымдарының докторы (1946), профессор (1949), ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі (1962), Воронеж Педагогикалық Институтын бітірген (1937), ҚазҰУ оқытушысы (1947-51), «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған, осы еңбегі кітап болып басылып шықты (1947).

Рахманқұл Бердібаев (1927 жылы туған) – Филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1983), ҚР ҰҒА Академигі (2003), Қызылорда Педагогикалық Институтын бітірген (1949), ҚазҰУ аспирантурасы (1953-55), «Қазақ романдарының теориялық мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Лев Гумилев (1912-92) – Тарих ғылымдарының докторы (1962), География ғылымдарының докторы (1974), Ресей Жаратылыстану ҒА Академигі (1992), белгілі ақындар Анна Ахматова мен Николай Гумилевтің ұлы. Санкт-Петербург Университетінің тарих факультетін бітірген (1946), ҰОС ардагері, «Бірінші Түркі Қағанатының толық саяси тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1948.

Мәлік Ғабдуллин (1915-73) – Филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Пед. ҒА Академигі (1959), КО Батыры (1943), ҚазҰПУ-ды бітірген (1935), ҚАзҰПУ ректоры (1951-63), «Октябрь кезеңіне дейінгі қазақтың халық ауыз әдебиеті» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған (1958), «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» монографиясының авторы (1958,1964).

Халел Досмұхамедов (1883-1939) – «Жануарлар» (1922), «Адамның тән тірлігі» (1925), «Қазақ және Қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы» (1924), «Шернияз шешен» (1925), «Алаш не сөз. Бұқарадағы Көкілташ медресесін салу туралы әпсана» (1927), «Жалаңтөс Батыр шежіресі» (1928), «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Мұрат ақын сөзі» (1924), «Исатай-Махамбет» (1925), «Аламан» (1926) еңбектерін жазған.

Міржақып Дулатов (1885-1935) – 1907 жылы Петерборда жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылды. 1909 жылы Қазандағы «Шарқ» баспасынан «Оян, Қазақ» басылды. 1910 жылы Қазандағы Каримовтар отбасынан «Бақытсыз Жамал» романы басылды. «Абай», «Хан Абылай», «Қазақ ақыны», «Қазірет Сұлтан», «Ахмет Байтурсынович Байтурсынов» мақалаларының авторы. «Есеп құралы» 1928 жылға дейін 9 рет басылып шықты.

Тағы да оқи отырыңыз:

Қазақстан тарихынан қосымша деректер

Сіз білесіз бе?

Әлемдегі ең көп кітап оқитын елдер

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: famous.ukz.kz

Ж. Өрісбай