- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Қазақстан тарихынан қосымша...
Қазақстан тарихынан қосымша деректер
Тарихты қанша оқып, ізденсек те біз білмейтін қаншама қызық бар. Бүгінде оқушылар мен талапкерлер ҰБТ-ға қызу дайындық үстінде. Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде көп кездеспесе де, қажет ақпарат деп біліп, сіздерге ұсынуды жөн көрдік.
- Ежелгі Отырар кітапханасында 500 000 қолжазба қоры болған. Ол әлемдегі Александрия кітапханасынан (700 000 қолжазба) кейінгі екінші орында.
- Пугачев өзін "III Петр" деп атаған.
- Иван Грозный Ермакты Сібірді бағындыру мақсатында жіберген.
- Қаратау қорығы 2004 жылы ашылған.
- Медеу мұз айдыны 1971 жылы қолдануға берілді.
- КСРО-да атом бомбасын Курчатов тобы ойлап тапты.
- Әбу Али ибн Сина - әлемнің үшінші ұстазы.
- Семей бұрын "Жетішатыр" деп аталған.
- Ленинград 900 күн қоршауда болған.
- Сталинградты алу кезінде неміс штабын Генерал Паулиус басқарды.
- Фирдаусидің шын есімі - Әбілқасым.
- Мұхтар Әуезов - қазақтың тұңғыш филология ғылымдарының докторы.
- Қазақтың тұңғыш профессоры - Құдайберген Жұбанов.
- "Самұрық" ұлттық қоры 2006 жылы құрылды.
- Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған (халық жыры).
- Сақ ғұламасы Анарыс (Анахарсис) б.з.б. 620-555 жылдар аралығында өмір сүрген.
- Қара теңіздің бойындағы скифтер сақтардың кемер тайпасының ұрпақтары.
- Сақтардың тиграхауда, парадария және хаомаварга болып үшке бөлінгені туралы парсылардың Ахамендік сына жазуында таңбаланған.
- Алтын адамның бас киіміндегі 4 найза 4 бағытты (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік) білдіреді.
- Қазақстан Қысқы Азия ойындарында 32 алтын иемденіп, біріншілікті бағындырды.
- Қой - оғыздардың тотемі.
- Рафаель Санти Аттилланың жорықтарын суреттеген Еуропадағы жалғыз суретші.
- Батыс ғұндардың жалауының түсі сары болған.
- Катапультаны ғұндар Аспан асты елін бағындырар кезде ойлап тапқан.
- Түркілердің ежелгі өрбіген атамекен жері Алтай болған.
- Қажы Тархан - Астраханның ежелгі атауы.
- Түркі руна жазуы Қазақстанның Тараз қаласынан табылды.
- М.Қашқари мен Ж.Баласағұнның бірге тұрған ескерткіші Бішкек қаласында қойылған.
- Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-Дин - Тайқазанды құйған кісі.
- Есім ханды "Еңсегей бойлы ер Есім" деп Қазанғап атаған.
- "Амангелді" фильмінің сценарийін Ғабит Мүсірепов жазған.
- Шығай хан Бұқараның Құмышкент деген жерінде жерленген.
- Үш бәйтерек:
- С.Сейфуллин
- И.Жансүгіров
- Б.Майлин
- Алыптар тобы:
- М.Әуезов
- С.Мұқанов
- Ғ.Мүсірепов
- Ғ.Мұстафин
- Бес Арыс:
- М.Жұмабаев
- Ж.Аймауытов
- М.Дұлатов
- А.Байтұрсынов
- Ш.Құдайбердіұлы
- Қазақтың тұңғыш алты академигі:
- Қ.Сәтбаев
- М.Әуезов
- Ә.Марғұлан
- Т.Тәжібаев
- І.Кеңесбаев
- Ә.Бектұров
- Ернес Төрехан "Аттила" кітабының авторы.
- Қаржаубай Сартқожаұлы "Орхон жазбалары" еңбегінің авторы.
- Қойшығара Салдарұлы "Көне түркіжазбалары" атты монографиясының авторы.
- "Құтты Білік" (1069 жылы) пен "Диуани Лұғат ат-Түрк" (1074 жылы) шығармаларын қазақшаға аударған Асқар Егеубаев.
- Құлмат Өміралиев оғыздардың тілі мен эпосын зерттеген.
- Сұлтан Бейбарыс Дамаскінің әз-Захария кітапханасының жанында жерленген.
- Тұрсын Жұртбай "Дулыға", "Талқы" мен "Ұраным Алаш" еңбектерінің авторы.
- Мурат Аджи қыпшақ тарихын арнайы зерттеуші ғалым.
- Болат Көмеков - "Қыпшақтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
- Лев Гумилев - Батыс Түрік қағанатын арнайы зерттеген шығыстанушы ғалым.
- Әлкей Марғұлан мен Кемел Ақышев - үйсіндер тарихын толық зерттеушілер.
- Әлкей Марғұлан "Ежелгі жыр-аңыздар" атты монографиясында ғұндардың эпосын зерттейді.
- Қойшығара Салғарин "Таным танмақтар" еңбегінде ғұндар туралы деректер береді.
- Әуелбек Қоңыратбаев 1986 жылы "Қорқыт ата" кітабын қазақшаға аударды.
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 1978 жылы құрылған.
- 1910 жылы 31 желтоқсанда ҚР Ұлттық Кітапханасы ашылды.
- А.Машани - "Әл-Фарабитану" ғылымының негізін салушы.
- А.Югнекидің "Ақиқат сыйы" еңбегін Е.Құрысжанов қазақша сөйлетті.
- Әл-Хорезмидің "Мухаббатнамесін" Алма Қыраубаева зерттеген.
- Н.Далбай және Қ.Жарылғапов - 2009 жылы 22 қарашада ашылған Астанадағы Қазақ елі монументінің авторлары.
- М.Тынышбаев "Ақтабан Шұбырындыны" ғылыми айналымға енгізді.
- Ислам Жеменей "Тарихи-Рашиди" еңбегін қазақшаға аударды.
- Ғани Мұратбаев тұңғыш КСРО-ның комсомол сыйлығын алған қазақ.
- Олжас Сүлейменов тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алған қазақ. Шығармалары: Азия (1975 жылы), Адамға табын, Жер, енді (1961 жылы), Таңбалар тілі (2005 жылы). Ең алғашқы шығармасы - Арғымақ.
- "Қазақ әдебиеті" газетінің алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда шықты. Бас редакторы - Ғабит Мүсірепов.
- 1928 жылы ақпанда қазіргі "Жұлдыз" журналы жарық көрді. Бас редакторы - Сәкен Сейфуллин.
- Сасбұқа - Жеті Жарғыны жасауға қатысқан қырғыз биі.
- Березин - "Түркі хрестоматиясы" (1876 жылы)
- Ы.Алтынсарин - "Қазақ хрестоматиясы" (1879 жылы)
- Радлов - "Қырғыз хрестоматиясы" (1883 жылы)
- Шоңби Едігеұлы - қарадан шыққан тұңғыш аға сұлтан.
- Бұқар жырау алты алашқа қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, татарды жатқызады.
- Жоңғарлар 4 тайпадан тұрды: қошут, дүрбіт, шорос, торғауыт.
- Кенесары хан туралы жазылған тарихи романдар:
- М.Әуезов "Хан Кене" (1928 жылы), 1934 жылы сахналанды.
- Қ.Бекхожин "Науан батыр"
- Қ.Аманжолов "Көкшетау"
- Н.Ахметбеков "Жасауыл қырған"
- М.Сералин "Топ жарған"
- "Менің Қазақстаным" (әнұран) әнін алғаш орындаған Жамал Омарова.
- Қадыр Мырза Әлі Олжас Сүлейменовтың шығармаларын қазақшаға аударды.
- Е.Бекмаханов қазақ тарихында докторлықты екі рет қорғаған, ал М.Серғалиев үш рет қорғаған.
- Ә.Қасенов тіл білімінен докторлықты екі рет қорғаған.
- Р.Нұрғали әдебиеттен докторлықты екі рет қорғаған (біріншісін 25 жасында).
- 1918 жылы Торғайда "Қазақ" газетінің орнына "Қазақ мұңы", 1920 жылы "Жаңа өріс" деген атпен шықты.
- 1923 жылы Нәзір Төреқұл Мәскеуде "Темірқазық" журналын шығарды. Ол 1933 жылдан Сауд Арабияда елші болған.
- 1921 жылдың 1 мамырынан 1922 жылдың 15 мамырына дейін "Кедей еркі" газеті шықты. Редакторы - Қалдыбай Абдуллин.
- 1922 жылдың 18 тамызынан "Кедей еркі" газеті "Тілші" деген атпен шыға бастады. Редакторлары - Сәдуақас Оспанов, Сара Есова.
- 1921 жылы қазанда "Қызыл Қазақстан" журналы шықты. 5 редакторы болған дейді ғалымдар. Ол қазіргі "Ақиқат" журналы. Редакторы - Әбдірахман Асылбек.
- 1925 жылы тамыздан "Жаңа мектеп" журналы шықты, 1929 жылы "Қазақстан мектебі" атымен шыға бастады. Шығарушылар - Молдағали Жолдыбаев, Нұғман Манаев.
- 1907 жылы Петерборда тұңғыш рет қазақ тілінде "Серке" газеті шықты. Редакторы - М.Дулатов.
- "Оян, Қазақты" Қазақстанға таратқан Жұмағали Тілеулин.
- Жақып Ақбаев - Қазақтың тұңғыш заң магистрі.
- 1924 жылы 24 желтоқсанда М.Жұмабаев Мәскеуде "Алқа" әдеби ұжымның бағдарламасын жасап, 1925 жылдың басында ұйым ретінде құрылды. Қосымша авторлары: Аманғали Сегізбаев, Жәкен Сәрсембин.
- 1926 жылы 13 қаңтарда тұңғыш ұлт театры ашылды. Басшысы - Жұмат Шанин.
- 1926 жылы Қызылордада С.Сәдуақасовтың "Ұлт театры" атты кітабы шықты.
- 1921 жылы Ташкентте Қазақ Ағарту Институты ашылды.
- Бағыбек Құндақбаев - Қазақ театры тарихының негізін салушы.
- 1915 жылы Семейде "Біржан сал" қойылымы қойылды. Режиссері - Ж. Аймауытов. Осы қойылым тұңғыш қазақ театрының шымылдығын ашты.
- "Алаш" автономиясының әнұранын жазғандар - М.Дулатов, С.Торайғыров.
- Сағат Әшімбаев - 1986 жылы "Желтоқсан" оқиғасын камераға түсіріп алған кісі.
- "Жүз жыл жырлаған жүрек" (Жамбыл Жабаев туралы) - Мырзатай Жолдасбеков.
- "Абылай хан" операсын жазған композитор Еркеғали Рахмадиев, сөзін жазған Әбіш Кекілбаев.
- Сорорат - Балдыз алу
- Жанұзақ Қасымбаев - Астана қаласының тарихын зерттеген.
- Салық Зиманов - Қазақстанның Тәуелсіздік Декларациясының авторы.
- "Түркістанда туған ойлар", "Қазақ қалай орыстандырылды?" кітаптарының авторы - Мекемтас Мырзахметов.
- Тұрсынбек Кәкішев - "Сакентану" ғылымының негізін қалаушы.
- Смағұл Сәдуақасов 26 жасында Білім Министрі болған.
- Ұлттық теңгенің дизайнын жасағандар: Тимур Сүлейменов, Мендібай Әлім, Хайролла Ғабжалел, Ағымсал Түзелханов.
- Ғалым Ахметов - "Алаш алаш болғанда".
- 1890 жылдан бастап Мәскеудің "Молодая Гвардия" баспасынан ұлы адамдар өмірбаянының сериясы шығып келеді. Сонда қазақтың 9 тұлғасының өмірбаяны шыққан.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: e-history.kz
Ж. Өрісбай