Қарашаңырақта қуаныш: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Түлектер кеші" өтті (аудио-подкаст)

Қарашаңырақта қуаныш: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Түлектер кеші" өтті (аудио-подкаст)
Фото: Массагеткз


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Түлектер кеші" тойланып, университеттің жас түлектері мен ардагер түлектері кездесті, деп хабарлайды Massaget.kz. Түлектер кеші – жыл сайын өтетін дәстүрлі мереке. Биылғы ардагер түлектердің қатарынан журналист Нұртілеу Иманғалиұлы, ақын Ұлықбек Есдәулет, бизнесмен Арманжан Байтасов сияқты бірқатар танымал тұлға бой көрсетті. «Мәңгілік ел» триумфальды қақпасынан басталған шара әл-Фараби ескерткішіне гүл қоюмен жалғасты. Ескерткішке гүл қою рәсіміне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен оқу орнының әр жылдардағы түлектері қатысты. "Түлектер кеші" концертке ұласты. 

Шара барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтан пікір алған едік.

Ғалымқайыр Мұтанұлы:

- Біз жетінші жыл қатарынан "Түлектер кешін" атқарып келе жатырмыз. Негізгі мақсатымыз түлектердің көңілін университеттің бүгінгі тыныс-тірлігіне аудартып, қоғамның бөлшегі ретінде, бірге ұжым ретінде бірлесе жұмыс атқару. Үлкен мақсат біреу – университетіміздің деңгейін көтеру. 

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлының да пікірін білдік.

Сағатбек Медеубекұлы:

– 1984 жылы журналистика факультетін бітіргем. Декан болуды армандаған жоқпын, журналист болуды армандағам. Мемлекеттік деңгейдегі Алашқа әйгілі болып қалыптасқан тұлғалардың көбі біздің факультеттің түлектері екен.  

Түлектер тойы әлі де жалғасуда. 

М. Оңғарова