- Негізгі бет
- Айтұмар
- Қазақтың сұлу әрі...
Қазақтың сұлу әрі табысты қыздары
Жеке өмір мен мансапты қатар алып жүру өте қиын. Әсіресе қазақ қыздары үшін. Себебі оларды жастайынан кішіпейіл болып, ошақтың басында жүруге, бала тәрбиелеуге үйретеді. Әрдайым ерін тыңдап, өзінен кішіге үлгі-өнеге бола біледі. Бұдан өзге отбасына қуаныш сыйлап, сүйікті ісімен айналысып жүрген жандар да аз емес. Олай болса, "Қазақ аруы" титулын иемденіп, зор табысқа жеткен аруларымыздың сұхбатын ұсынамыз.
Басымдағы тәж бен атақ әлемді шарлап, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік берді. Аз уақыт ішінде өзімді жетілдіріп үлгердім. Мысалы, дұрыс сөйлеуді, сұхбат беруді үйрендім. «Мисс Қазақстан» байқауынан кейін телебағдарламалардың бірінен ұсыныс түсті. Өзімнің негізгі жұмысымды журналистика саласымен қатар алып жүргім келді. Артынша эфирге дайындықсыз шығудың қиын екенін түсіндім. Кез келген іс сапалы болуы тиіс.
Шетелдік жобаларға шақырмады. Десе де еліміздегі жарнама роликтеріне түсіп жүрмін. Қандай жағдай болмасын, медицинадан бас тартпаймын. Болашақта жеке клиникамды ашамын. Тағдырыма осы үшін ризамын. Бірақ жоспарым бәрібір өзгермейді. Бұрынғы Айдай еш уақытта өзгермейді.
"Мисс Қазақстан-2013" Айдай Исаева
11 жасымда өзіме «Қазақстан аруы» атанамын деп сөз бердім. Армандардың орындалатынына сенемін. Сайыстағы жеңісім соның айғағы. Енді алдыма айқын мақсаттар қойып, оларға жету үшін барымды саламын.
Жеңісімнен кейін шоу бизнес саласынан, сән әлемінен, түрлі бағдарламадан ұсыныстар түсті. Мұнымен қатар, шетелде оқу мүмкіндігі туды. Ата-анам білімді бірінші орынға қояды. Олардың ақылын тыңдап, білімді таңдадым. Дәл қазір қаржы саласында диплом қорғауға дайындалып жатырмын.
"Мисс Қазақстан-2012" Жазира Нұрымбетова
Жеңіс пен атақ маған көп тәжірибе жинауға көмектесті. Сынды көтеруді, армандауды, мақсатқа жетуді үйрендім. Сән әлемінен түрлі ұсыныс қазір де түсіп жатыр. Бірақ тәуелсіздігімді ерекше бағалаймын. Менің мақсатым – сән саласында жеке бизнесімді ашу. Осы мақсатыма жету үшін аянбай еңбек етемін.
Сәнбике жұмысын аудандық «Көкшетау аруы» байқауынан кейін бастадым. Сайыстан кейін Ұлттық аграрлық университетке оқуға түсіп, Роберт Алдияровтың Астанадағы «RA Models» атты агенттігіне бардым. Сабақ пен сәнбике жұмысын қатар алып жүрдім.
Әрдайым көпшіліктің назарына ілігіп жүретінмін. «Мисс Қазақстан» жобасынан кейін маған деген сұраныс арта түсті. Түрлі шараға, түсірілімдерге атсалысуға ұсыныстар түсті. «Milan Fashion Week» аясындағы фотосессияларға да қатыстым. Отандық бейнебаяндарға түстім. Дәл қазір маған ұтымды келісім-шарт ұсынды. Әзірге барлығын ашып айта алмаймын. Сайыстың маған берген пайдасы мол.
"І вице-мисс Қазақстан" Лаура Шамгунова
Дереккөзі: forbes.kz
Қ. Бүйенбай