Абзал Сариев: Жыр сайты - Массагет!

Абзал Сариев: Жыр сайты - Массагет!

Аяулы Массагеттіктерге порталымыздың белсенді қолданушысы Абзал Сариевтің жыр жолдарын ұсынамыз. Ақын Award.kz 2012 бәйгесі қарсаңында сүйікті сайтымызға деген ілтипатын әсем сөзбен көмкеріпті.

О, Массагет, Массагет!
ҚазНеттегі "ҚазСовет"...
Сенде талай пайда бар,
Архивіңді қазса кеп...

Бейхабар бар жайттардан,
Кей орыстіл сайттардан,
Тақым қысып отырмыз,
Рейтингің асса деп...

Жер, Көктен де көлемді ең,
Көрінетін - МАССАГЕТ!
Блог жазу өзіңе,
Болып та жүр жақсы әдет!

Өрнектелген Өлеңмен,
Жыр сайты - Массагет!
...Жарасар ма ед(і) бұл "Award" -
"Жыл сайтын" тақса кеп!

Автор: Абзал Сариев

сурет: автордың жеке мұрағатынан