Award.kz 2012 бәйгесінің ережелері

Award.kz 2012 бәйгесінің ережелері

Ардақты массагеттіктерді Award-2012 бәйгесінің ережелерімен таныстырамыз.

Конкурс екі сатыдан тұрады. 

I саты. Қазақстандық мамандар. 25 мамыр - 25 қыркүйек (2012 жыл).

Өтініштерді қабылдау және дауыс беру. Дауыс беруге мамандардан бөлек, интернеттің кез келген қолданушысы қатыса алады.

Сарапшылар тобының құрамына сайт жасау, сайтты дамыту саласындағы кіреді.

Әрбір сарапшы арнайы интерфейс арқылы әрбір қатысушыға баға қояды. Осылайша қазылар алқасының қатысушыларға берген ортақ бағасы есептеп шығарылады.

Интернет қолданушылары өз кезегінде vkontakte, facebook, twitter әлеуметтік желілері, сонымен қатар, SMS арқылы өз дауыстарын бере алады. Сайтқа қойылған лайк батырмасы қатысушының қанжығасына 1 балл сыйласа, негативті дауыс номинантты 1 балдан айырады. Негативті дауысты тек SMS арқылы беруге болады. Массагетімізге дауыс беру үшін 9686 нөміріне А 235 текстін жіберу керек.

Осылайша әрбір номинацияның үздігі анықталады. Қатысушылар сарапшылардан бірдей дауыс алған болса, халықтан көп ықылас алған (әлеуметтік желілер + SMS) сайт жеңіске жетеді. 

II саты. Халықаралық сарапшылар. 1 қазан - 1 қараша (2012 жыл).

Номинанттарға халықаралық сарапшылар баға береді. Бұл сатыда да интернет қолданушыларынан дауыс қабылдау жалғаса береді.

Осылайша алғашқы үштік анықталып, көпшілік назарына ұсынылады.

сурет: award.kz