- Негізгі бет
- Авто
- Top Gear бағдарламасының...
Top Gear бағдарламасының жүргізушілері Қазақстанға түсірілімге келеді
Әлемнің 170 мемлекетіне тарайтын британиялық Top Gear бағдарламасының жаңа жүргізушілері Крис Эванс пен Мэтт Леблан Қазақстанға түсірілімге келеді, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі Radio Times сайтына сілтеме жасап.
Radio Times мәліметінше, ағымдағы жылы дүниежүзіндегі көліктер туралы ең үздік бағдарлама әзірлеушілері Қазақстан елінің табиғатын ерекше екенін айтып өткен. Сайттың хабарлауынша, Қазақстан бағдарлама түсірушілеріне өзінің үлкен тау шатқалы, даласы және таулы қыраттарымен мықты жағдай жасап беретіні шүбә келтірмейді. Мақалада бағдарламаның Қазақстандағы түсірілімі қай күн аралығында өтетіні көрсетілмеген.
Top Gear−дүниежүзіндегі миллиондаған автосүйер қауымның сүйіп қарайтын телевизиялық бағдарламасы. Бағдарлама 1977 жылы алғаш рет теледидар экранына шықты. Ең басында бұл жоба аттас журналдың баяндамасы ретінде ұйымдастырылған. Тек 2001 жылы ғана бағдарламаға айтарлықтай өзгертулер енгізіліп, жоба форматы толықтай қайта қарастырылды. Ал 2002 жылы жоба циклы толығымен жаңа форматқа көшіп, әртүрлі идеяларға толы, қызықты әрі әзіл-сықақ элементтері бар жоба болып қалыптасты. Бағдарламаның рейтингі өте жоғары − ресми трансляция жүргізіліп жатқан елдерде көрермендердің саны 350 миллионнан асқан.
С. Ерсін