- Негізгі бет
- Авто
- Tesla-ның құны 100...
Tesla-ның құны 100 миллиард доллардан асты
Америкалық Tesla компаниясы бағасының құны биржада 100 миллиард доллардан асты. Компания Volkswagen-ді артта қалдырып, әлемдегі ең қымбат автомобиль өндірушілердің арасында екінші орынынға шықты. Бұл туралы BBC мәлімдеді.
Tesla акцияларының бағасы компания өткен тоқсандық кірістер туралы есеп берген сәттен бастап екі есеге өскен. 22 қаңтарда компанияның акция бағасы 4 пайызға артты. Қазір Tesla, құны 230 миллиард доллар болатын жапон авто компаниясы Toyota-дан ғана артта қалып келеді. Сарапшылар Tesla компаниясының жылдам жетістігін Шанхайда зауыттың ашылуымен және табысты қаржылық нәтижелермен байланыстырады.
Tesla компаниясының басшысы және негізін қалаушы Илон Масктың жалақысы да компания акцияларының бағасына байланысты өседі. Демек, ол миллиондаған доллар пайда тапты.
Тесла бұған дейін Еуропада алғашқы зауыт салу үшін Германиядан жер сатып алған.
Айта кетейік, 2019 жылы Tesla компаниясы электромобильдерді сатуда рекорд орнатты. 2018 жылы Tesla жеңіл машиналар сатуда Америка базарында осы уақытқа дейін біріншіліктен түспей келе жатқан Toyota Camry мен Honda Accord-тан басып озып, көш басшысына айналған еді. 10 жыл бұрын мұны ешкім елестете алмайтын еді. Жапония автоөндірушілері Америка базарын жаулап алу үшін ондаған жылдар үздіксіз еңбек етті. Кешеге дейін Америка авто компаниялары жапондардан озып кетуді армандамаған да, бұлай болады деп ойламаған. Tesla Model 3 болса мұны бар-жоғы 13 айда жүзеге асырды.
Т. Раушанұлы