Bugatti әлемдегі ең қымбат көлікті таныстырды

Bugatti әлемдегі ең қымбат көлікті таныстырды
Фото: bugatti.com

Францияның Bugatti компаниясы өзінің 110 жылдық мерейтойына арнап әлемдегі ең қымбат көлік жасап шығарды. Компания өкілдері Voiture Noire моделін 5 наурыздағы Женева автосалонында көпшілікке таныстырды. Бұл туралы Bugatti-дің ресми сайты мәлімдеді.

Гиперкар 11 миллион еуроға бағаланған. Ол тек бір данамен жасап шығарылған және әлдеқашан сатылып кеткен. Бірақ иесінің кім екені құпия сақталады.

Жаңа модель – компанияның негізін қалаушы Жан Бугаттидің ұлы 1936 жылы жасап шығарған Bugatti Type 57 SC Atlantic көлігінің заманауи жаңартылған нұсқасы.

"Біз ежелгі дәстүрлер, Франция мен Жан Бугатти шығармашылығына құрметпен қараймыз. Сонымен бірге біз ерекше технологияның көмегімен сұлулық пен адамның миына симайтын әсемдікті жаңа дәуірге көшіруді көздейміз", – дейді Bugatti президенті Стефан Винкельманн.

Көлікке 8 литрлі, 16 цилиндрлі қозғалтқыш орнатылған. Оның қуаты 1500 ат күшіне ие. 100км/сағат жылдамдыққа 2 секундтан аса уақытта жетеді.

Т. Раушанұлы