- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Bugatti Veyron суперкөлігі...
Bugatti Veyron суперкөлігі туралы қызықты деректер
- Bugatti Veyron - әлемдегі сериялық нұсқада шығарылатын ең жылдам көлік. 2010 жылы тіркелген ең жоғары жылдамдығы сағатына 431 шақырымды құрайды.
- Автомобильдің атауы белгілі француз көлік жарысушысы Пьер Вейронның құрметіне қойылған. Ол 1939 жылы Ле-Манда өткізілген халықаралық жарыстың жеңімпазы болған.
- Bugatti Veyron әлемдегі ең қымбат көліктердің қатарына жатады. Көліктің құны 1.4 миллион еуродан басталады. Bugatti брендімен шығатын кейбір көліктер шектеулі нұсқамен шығарылған.
- Әлемдегі ең жылдам көлік статусын иемденген көлік жанамрайды да айтарлықтай көп жұмсайды. Егер суперкөлік ең үлкен жылдамдықпен қозғалатын болса, 100 шақырымға 125 литр бензин жұмсайды. Бұл көрсеткішті әзірге әлемде ешбір көлік қайталай алмаған.
- Bugatti Veyron үлкен жылдамдықта келе жатып, небәрі 10 секундта тоқтай алады. Бұған көліктің қажет салмағы негіз болады.
- Bugatti Veyron қозғалтқыштарының қуаты 1040 ат күшіне дейін барады. Дегенмен, ресми жарияланған мәлімет 1001 ат күшін көрсетеді. Көлік қызуын басу үшін 10 радиатор қолданылады.
Ж. Өрісбай