Илон Маск Tesla-ның Қазақстанда ашылуы туралы айтты

Илон Маск Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінде Tesla ашылатынын айтты.

"Менің ойымша, біз жақын арада Ресейде ашыламыз. Бұл керемет оқиға болар еді. Біз, сонымен қатар, Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде де ресми түрде Tesla-ны ашу туралы ойланымуыз керек", - деді Маск "Новое знание" бейне байланыс марафонында.

Сонымен қатар, ол Tesla Ресейді электромобиль шығаратын зауыттар үшін ықтимал аймақ ретінде қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Tesla Алматыда сервистік орталық ашуы мүмкін екенін хабарланған болатын. Компанияның ресми сайтындағы картаға қарағанда, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасады.

2019 жылы Илон Маск Қазақстанда қызмет көрсететін орталықтар мен электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын ашуға уәде берген болатын.