Bentley компаниясы электркөлік шығармақшы

Bentley компаниясы электркөлік шығармақшы
Фото: ICTV

Брендке айналған британиялық әйгілі компания электркөлік шығаруға ниетті екенін хабарлаған еді. Осыған сәйкес, болашақта Bentayga атты электр-кроссовер құрастырылатыны мәлім болды.

Негізінде Bentayga көлігі осыған дейін жанармаймен жүретін көлік ретінде сатылымда болған. Компания басшылығы осы көлікті электркарға айналдыруды жоспарлап отыр. Сарапшылардың хабарлауы бойынша, жаңа Bentley 2025 жылға дейін құрастырылып бітеді.

Осыған дейін, компания өкілдері Bentayga маркасын Еуропа аймағында сатылымға шығармайтынын хабарлаған еді. Көлік сарапшылары бұл әрекетті аталған марканы электркарға айналдырумен байланыстырады.

А. Қажиев