Экологиялық кеме ел аралауға аттанады (видео)

Экологиялық кеме ел аралауға аттанады (видео)
Фото: amapamais.com.br

Әлемде түрлі қызық бар демекші, қазіргі таңда адамзат баласы таңғалудан қалып барады. Жаңадан ойлап шығарылған затқа бір қарап, болашақта тағы да қандай өзгерістер болатынын болжап отырады. Соның бірі, жер бетіндегі тұңғыш толыққанды экологиялық кеменің пайда болуы. "Energy Observer" деген атпен шығатын өнім әлемді тұтас аралауға дайындық үстінде. Бірнеше айдан кейін су бетіне шығатын кеменің ұзындығы 31 метрді қамтиды. Аталған кеменің батареялары "Solar Impulse" ұшағын әзірлейтін компания өкілдеріне тиесілі. 100-ден астам елді-мекенге аялдап, жер бетін тұтастай кемемен аралау уақыты 6 жылға жуық уақытты алады деп болжануда. Егер "Energy Observer" өнімінің тиімділігі расталып, табиғатқа тигізер кері әсері болмаса, онда болашақта тұтастай толыққанды экологиялық кемелер су бетінде жүреді деп жоспарлануда.


B. ZHAQSYMBET