Елімізде 18 мың адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

Биыл көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 18 мың жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 2016 жылдың 7 айында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметінде хабарлады.

«Қазақстанда осы күнге дейін рөлге мас күйінде отыратын жүргізушілер көп. Биылғы жылы ғана осындай құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке 18 мың адам тартылды. Олардың барлығы жүргізу құқығынан айырылды», - дейді комитет өкілдері.

Басқа құқық бұзушылығы үшін, 8 миллионнан астам азамат  жауапқа тартылып, оларға айыппұл белгіленді. Тағы 700 мыңнан артық құқық бұзушы әр түрлі жазаға тартылды, оның ішінде  488 273-і ескерту алды, 42 306 азамат әкімшілік қамауға алынған, 27 мыңға жуығы арнайы құқығынан айырылған.

Атап айтқанда, құқық бұзушылар мемлекет бюджетіне шамамен 20 млрд. теңгеге тарта  айппұл төледі, ол барлық салынған айыппұл сомасының  55,6 пайызын құрайды.

«Айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 50 пайыз жеңілдікпен төленетін жағдайдағы әкімшілік іс жүргізудің қысқартылған тәртібі құқық бұзушыларға 4,8 млрд.  тенгеден артық соманы  үнемдеп қалуға мүмкіндік берді. Берешекті уақытылы өтеу шекара асатын кезде, сондай-ақ рұқсаттар мен лицензия алу кезінде, автокөлік құралдарын рәсімдеу кезінде күтпеген салдардың туындауына жол бермейтіндігін еске саламыз», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: inform.kz