Семейде «ГАЗель Next» автобусы құрастырылады

Семейде «ГАЗель Next» автобусы құрастырылады
Фото: mail.ru

Семейде 19 орындық «ГАЗель Next» автобусы құрастырылатын болды. Жаңа автобус жолаушыларға ыңғайлы болып жасалмақ.

Автобустың ұзындығы 6 метр, биіктігі 3 метрге жуық, ені 2 метрден асады. Дизель арқылы жүретін көлік механикалық жүріс қорабымен жабдықталған.

Семейдегі өндіріс орны айына 300 автобус шығаруды жоспарлап  отыр. Сондай-ақ жолаушыларға ыңғайлы болу үшін екі есікті болып жасалған. Осыған дейінгі нұсқасында бір есікті болып құрастырылып келген еді. 

О. Сансызбай