Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. IV БӨЛІМ

Роберт Тору Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім. 26 миллион данамен тараған он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, жарлы әке» бестселлерін жазды. Сол кітаптан үзінді ұсынамыз.

Бай әке, жарлы әке

III БӨЛІМ
IV БӨЛІМ

3 сабақ. Өзіңіздің жеке бизнесіңіз жайлы ойлаңыз

Бұл байлардың №3 құпия ережесі. «Өзіңіздің жеке бизнесіңіз жайлы ойлаңыз». Адамдар өмір бойы біреуге жұмыс істегенінің нәтижесі қаржылық күрес болып табылады. Осы себептен адамдар зейнеткерлікке шыққанда дымсыз қалады. Біздің қазіргі білім беретін жүйеміз мектеп бағдарламасын үйрету арқылы жастарға жақсы жұмыс дайындауға назар салады. Осы жастардың өмірі жалақысына тәуелді болады. Мектептен кейін олар кәсіби білім алуға көшеді. Мұғалім, аспаз, суретші, жазушы т.б болу үшін оқиды.

Алған кәсіби білімі жұмыс күші болып, ақшаға жұмыс істеуге ықпал етеді. Ал сіздің кәсібіңіз және бизнесіңіз арасында көптеген айырмашылықтар бар ғой. «Мен адамдардан жиі сұраймын, - дейді Роберт: Сіз бизнеспен айналысасыз ба?» Олар былай жауап береді: «О, мен банкирмін». Мен олардан: “Сіз банк иесісіз бе деп сұраймын?” Олардың әдеттегі жауабы: «Жоқ, мен сол жерде жұмыс істеймін». Бұл мысал көрсеткендей, адамдар «менің кәсібім» және «менің бизнесім» деген ұғымды шатастырады. Олардың кәсібі банкир болса да, жеке бизнесіне мұқтаж екенін көрсетеді.

Егер сіз тамақ жайлы оқысаңыз, сіз бас аспаз боласыз. Егер сіз заңды оқысаңыз, заңгер боласыз және т.б. Біз, шындығына келсек, жеке бизнесіміз туралы ойлауды ұмытып кетеміз. Адамдар өмір бойы басқа біреуге жұмыс істеп, басқа біреудің бизнесін көркейтеді. Сол үшін де біздің жиі еститініміз: «Мен тек қызметте көтерілсем», «Маған қызмет уақытынан тыс екінші жұмыс табу керек», «Мен тағы оқып, басқа бұдан да жақсы жұмысқа кіремін». Адамзат жеке бизнесті ашуды есепке алмайды. Өзіңіздің жеке бизнесіңіз жайлы ойлаңыз. Негізгі жұмысыңызды сақтап қалып, соған қоса шынайы активтерді жинаңыздар, пассивті немесе үйіңіздегі өзінің құнын жоғалтатын мүліктерді емес. Сіз сатып алған жаңа көлік, сатып алған жеріңізден айдап шыққанда 25% құнын жоғалтады. Бұл шынайы актив пе?

Менің титаннан жасалған гольфке арналған имек таяғымның құны 400 доллар, ал оны бір рет пайдаланған сәттен бастап ол 150 доллар арзандайды. Ересек мырзалар, шығындарыңызды азайтып, пассивтеріңізді қысқартыңыздар, мықты активтің іргетасын қалауды бастаңыздар. Құрметті ата-аналар, егер балаларыңыз сіздермен бірге тұрып жатса, оларға актив пен пассив арасындағы айырмашылықты үйретіңіздер. Олар үйден алыстамай, үйленбей, бала таппай, үй алмай, қаржылық мәселеге тап болмай, барлығын несиеге алмай жатып, «актив» деген берік үй тұрғызсын.

Мен сіздерге және сіздердің балаларыңызға мына активтерді иеленулеріңізді ұсынамын. Менің әлемімде шынайы активтер былай бөлінеді:

1. Менің міндетті түрде қатысуымды талап етпейтін бизнестер. Мен оларға иелік етемін, бірақ оларды басқалар басқарады. Егер мен ол жерде жұмыс істеуім керек болса, онда ол бизнес емес. Ол менің жұмысыма айналады.

2. Акция

3. Облигация

4. Ашық типтегі инвестициялық фондтар

5. Жылжымайтын мүлік, жинайтын табыс

6. Борышты қолхаттар

7. Зияткерлі меншіктен авторлық қаламақы: музыка, патент, қолжазбалар.

8. Тағы басқа құны бар, жоғары бағаланатындар.

Инвестиция жасап, уақытты тиімді пайдалану, жеке бизнесіңізді ашу арқылы байлардың ең үлкен құпиясына қол жеткізе аласыздар. Бұл құпия байларға өзгелерді артта қалдырып, топ жарып шығуға жол салады. Бұл құпия жолдың арғы бетінде тұрып, оған жеткендерге, яғни уақытты тиімді пайдаланып, жеке бизнестерін құрғандарға сыйақы береді.

zhanaoi.kz