Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. III БӨЛІМ

Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. III БӨЛІМ

Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. III БӨЛІМ

Роберт Тору Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім. 26 миллион данамен тараған он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, жарлы әке» бестселлерін жазды. Сол кітаптан үзінді ұсынамыз.

Бай әке, жарлы әке

II БӨЛІМ
III БӨЛІМ

2 сабақ. Қаржы сауаттылығын оқудың қажеті қанша?

1994 жылы 48 жасқа толғанда, мен шаруаларды атқарудан шегіндім. Мен және менің әйелім Ким екеуміз үшін өмірімізде үлкен өзгерістер болды. Біз жұмыс істемесек те, ақшамыз автоматты түрде еселеп өсіп отырды. Майк империяны басқаруды таңдаса, мен істен кетуді таңдадым. Адамдармен қарым-қатынас барысында менен не нәрсені істесе болады деп сұрайтын? Оларды: «Қалай бастаса болады?», «Қандай жақсы кітапты ұсына аласыз?», «Балаларымызды неге және қалай дайындаймыз?», «Табыстың құпиясы неде?», «Мен миллиондарымды қалай табамын?» Көпшілік қауым олардың тағдыры тапқан ақшасына байланысты емес екенін түсінбейді. Адамдар байығанын естігенде қуанамын, бірақ мәселе банктегі шоттардың қанша екенінде, онымен қанша ұрпақты асырауға болатынында емес. Менен «Қалай тез арада бай болуға болады?», «Неден бастау керек?» деп сұрайтындардың көңілін көп қалдырамын. Маған бай әкем айтқандай: «Егер сіз бай адам атанғыңыз келсе, қаржылық сауаттылыққа ие болуыңыз керек».

Біздің қазіргі мектептер іргетассыз үй қаланатынына сенеді. Мектепті бітірген баланың миында қаржылық сауаттылық жоқ. Қарыздан көз ашпай, жұмысы іске баспай жүрген адам тез арада бай болуды ойлайды, оның салған құрылысы жақын арада құлайтын дәрежеде болады. Майк екеумізге бала кезден бастап қаржылық сауаттылық іргетасын бай әкеміз қалатқан болатын.

№1 ереже. Сіздер актив пен пассив арасындағы айырмашылықтарды білулеріңіз керек және активтерді басқаруларыңыз керек. Егер бай болғыңыз келсе, онда осымен болғаны. Көптеген адамдар актив пен пассивтің айырмашылығын білмегендіктен, қаржылық күрес жүргізеді. «Бай адамдар активтерді иемденеді. Кедей және орта таптағы адамдар актив деп санайтын пассивтерді иемденеді». Бай әкем түсіндіргендей: «Актив деген сөзбен емес, санмен анықталады. Егер сіздер санды оқи алмасаңыздар, онда активке қолдарыңызды жеткізе алмайсыздар. Егер бай болғың келсе сандарды оқып қана емес, түсінуің де керек. Сандар сөз іспеттес».

Актив деген қалтаңызға ақша салатын нәрсе. Пассив деген қалтаңыздан ақшаны қағып алатын нәрсе. Ақшаның көп болуы біреудің қаржылық мәселесін сирек шешеді. Барлығы ақылмен шешіледі. Орта және кедей тап ақша күшіне өздерін бағынышты етеді. Жай ғана таңертең тұрып, тынбай еңбек етіп, өздеріне бұл тірліктердің мәні бар ма деген сұрақты қоюды ұмытып кетеді. Соның арқасында өздеріне қарсы жұмыс істейді. Ақша күші адамдарға қарсы әрекет етеді.

Менің бай әкем топтан ерекшелене алатын, ол мына сөздерді жек көретін: «Біз мынаны істеуіміз керек, өйткені барлығы осылай істейді». Ол сонымен қатар «істей алмаймын» деген сөздерді де айтпайтын. Егер сіздер ол бірдеңе істегенін қаласаңыз, мына сөздерді айтқаныңыз жөн: «Мен бұл нәрсені сіз істей аласыз деп ойламаймын». Ол мына әдемі сөздердің де авторы: «Адамдар өзінен өткен ақылды адамдарды түсінеді». Майк және мен осыны ойда сақтап, дана адамдарды көп тыңдап, білім жинайтынбыз. “Майк екеуміз, - дейді Роберт, ұстаздарымыздан мектепте үйренгендерімізді қалай өмірде қолдануға болады, неліктен ақша туралы мүлдем оқымаймыз, олар қалай жұмыс істейді деп сұрайтынбыз. Соңғы сұрағымызға олар, ақша маңызды емес, жақсы оқысаңдар олар өзі-ақ сендерге келеді деп жауап қайтаратын. Ақша туралы білімімізді шыңдаған сайын, біз ұстаздардан алшақтай бастадық”.

Көптеген адам үйді жинаған ақшаларын, зейнетақыны «актив» деп санайды. Алайда адамдардың ақшасы болмағандықтан, олар инвестициямен айналыспайды. Көпшілігі инвестицияның дәмін де татпайды. Мен үй сатып алмаңдар демеймін! Тек пассив пен активтің арасындағы айырмашылықты айтқым келіп отыр. Мен үй сатып алғым келсе, ең алдымен оның есебін айыратын ақша, яғни актив жинаймын. Олай етпеген жағдайда шығыс кіріспен табыс жүріп, капиталды инвестицияға айналдыра алмайсыздар. Мынаны есте сақтаңыздар: Байлар актив жинайды. Кедейлер тек шығындалады. Орта тап актив деп ойлайтын пассивті жинайды.

zhanaoi.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: getbg.net
Қосылған күні: 02 ақпан 2016, 17:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.