- Негізгі бет
- Аударма
- Әдебиет, әдебиет және...
Әдебиет, әдебиет және әдебиет-2
Өткен жолы "Нобель сыйлығының иегерлері" кітабының негізінде дайындалған "Әдебиет, әдебиет және әдебиет" аудармасының жалғасын ұсынамыз.
Әдебиет, әдебиет және әдебиет-2
1901 жылдан 1991 жылға дейін – 90 жыл бойы бүкіл Азиядан Нобель сыйлығына екі-ақ жазушы лайық көрілгендігі ойландырарлық жағдай. Ал, осы уақытқа дейін Еуропа мен АҚШ-тан жетпістен астам әдебиетші бұл құрметке ие болған. Шынымен Азия халықтарының әдебиеті Нобель сылығына лайық па?! Міне, мәселе! Азияда сан ғасырлық әдеби мұраға ие, дәстүрге бай, дамыған Жапония, Қытай, Үндістан, Иран және басқа мемлекетер бар ғой. Нобель сыйлығының әдебиет саласы жайында сөз еткен екенбіз, лауреаттардың көбісін неге Еуропа мен АҚШ жазушылары алатыны жайында ой қозғап көрелік. Бір қарағанда бәрі де өз орынындағыдай көрінеді. Бірақ, бұл тек бір қарағанда ғана сондай. Ең алдымен швед акедемиктерінің назарында болып келген Скандинавия мемлекеттерінің әдебиетшілерін алайық. Бұл назарадың күшті болғаны соншалық, 90 жылда бірілетін 88 сыйлықтың 14-і яғни, әр алтыншы сыйлық сол аумақтағыларға тиген. Бұлар: шведтер, даниялықтар, норвегтер. Мейлі, эксперттердің шекетен тыс сезімге беріліп кеткендерін сөз етпей-ақ қояйық. Олардың «өздеріне жақын» болғандардың мүмкіндік пен дәрежелерін шектен тыс асырып жібергені шүбәсіз. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.
Қаншалықты таңғаларлық жайт болмасын, бүтін скандинавиялық әдебиетшілер арасында сөзсіз биік жазушы саналатын Ибсен бұл тізімде жоқ! Ол сыйлық өз иелерін таба бастағаннан кейін де бес жыл жасаған еді. Оның лайық көрілмегендігінің бір себебі ретінде жазушының антилеберал болғандығын айтады. 1912 жылы көз жұмған ірі швед жазушысы Стринбергтің де Нобельге лайық көрілмеуі өте таңғаларлық жайт. Сарапшы А.М.Илюковч осы тақырыпты кітабында былай деп жазады: «Стринберг сыйлыққа реалды үміткер бола алмауының себебі, ол өте күрделі адам болып, жоғары құрметке жете алмауында еді». Автор сонымен бірге Стринбергтің мынадай сөзін келтіреді: «Өнерді талқылауға кіріскен, бірақ оны түсінбейтін магистрлерден аулақ болайық! Егер қажет болса, Нобель ақшаларынан, адамдар айтпақшы, динамит ақшаларынан да бас тартамыз». Осы орында академиктердің скандинавиялық тағы бір күрделі мінезді әдебиетші Кнут Гамсунға сыйлықты лайық көргенін айтып өту орынды. Бұл мәселе 20 жылға жуық уақыт даулы болып келді. Эксперттер кейін жазушыға Нобель сыйлығын бергені үшін өкінген.
Жазушының шеберлігі уақыт сынынан өтіп, өз бағасын алатынын ескеріп, өткен ғасырдың бірінші жартысында сыйлық алған, дәл осы уақытта Еуропа мен АҚШ та өмір сүрген, кейбірі еуропа тілдерінде шығармалар жазған, бірақ Нобельге лайық деп табылмағандарды тізіп өтейік.
Лауреаттар және сыйлық ала алмағандар:
Перл Бак – Шервуд Андерсон
Хасинто Бенавенте – Бертольт Брехт
Пауль Гейзе (Хейзе) – Поль Валери
Карл Гьеллеруп – Томас Вульф
Грацция Деладда – Федерико Гарсия Лорка
Иоханнес Иенсен – Жеймс Жойс
Жозуэ Кардуччи – Эмиль Золя
Эрик Карлфельдт – Хенрик Ибсен
Гарри Синклер Льюис –Франц Кафка
Габриэла Мистраль – Жозеф Конрад
Фредерик Мистраль – Маргарет Митчел
Хенрик Понтопиддан – Роберт Музиль
Владислав Реймонт – Марсель Пруст
Франс Силланпя – Райнер Мария Рильке
Арман Сюлли-Прюдом – Френсис Скотт Фицжеральд
Сигрит Унсет – Марк Твен
Вернер фон Хейденстам – Герберт Уэллс
Карл Шпиттелер – Роберт Фрост
Рудольф Эйкен – Олдос Хаксли
Хосе Эчегарай – Томас Харди (Гарди)
Бүгінгі таңда осы тізімнің екінші жағында тұрғандардың шығармашылығы, олардың лауреат атанған замандастарына қарағанда, уақыт сынынан лайықты өтіп, мойындалуы жоққа шығарылып болмайтын ақиқат. Олардың әрбірі өзіне тән жолы, бағыты, талантымен із қалдырған. Бірақ тізімнің сол жағында өткен 45 жылда биік сыйлыққа ие болған 20 лауреат бар, мұны ұмытып кетпеу керек. Айтпақшы, мұнымен «академиктердің барлық шешімі даулы еді» деген пікірді айтудан аулақпыз. Кнут Гамсун, Герхарт Гауптман, Жон Голсуорси, Редьярд Киплинг, Сельма Лагерлёв, Томас Ман, Роже Мартин дю Гар, Морис Метерлинк, Южин О Нил, Луижи Пиранделло, Ромен Роллан, Генрик Сенкевич, Анатоль Франс, Бернард Шоулар шүбәсіз талантты әдебиетшілер! Бірақ, өкініштісі мұндай, сөзсіз лайық деп бағаланғандар осы 45 жылдық таңдаудың 1/3-ін құрайды. Бұл факттен швед экспреттері әр үш шешімнің біреуін ғана дұрыс шығарған деген мәлімет шығып отыр. Қанша даулы болмасын, әдебиет оқымыстылары жоғарыдағылардан басқа Гийом Аполлинер, Грэм Грин, Теодор Драйзер, Дэвид Лауренс,Уистен Оден, Жорж Оруэлл, Торнтон Уайдлер, Мигель де Унамуно, Роберт ПенУоррендерді де шеттеп өткендігін таңырқай тілге тиек етеді. Тағы бір қызық жайт, көптеген сыйлық иегерлері осы сыйлықтың тапсыру мерекелерінде, өздерінен гөрі бұл сыйлыққа лайық болған ақындар мен жазушылардың есімдерін атайды. Мысалы: Льюис Синклер – ұлы Шервуд Андерсонның бұл мәртебеге лайық көрілмегендігіне наразы болған. Испандық ақын Хуан Роман Хименес бріншілік тәжін өзінен көп жас кіші отандасы Федерико Гарсиа Лорканікі деп есептеген. Томас Ман – Жозеф Конрадты өзінен биік қойған. Франциялық Франсуа Мориак – драматург Август Стринбергті Нобельсіз қалдырғаны үшін наразы болған.
Иосиф Бродский сыйлықты алып жатқан кезде: «Мен бұл жерде менен бұрын сыйлық алғандардан емес, бәлкім осы сыйлыққа лайық бола тұрып, ала алмағандардан ұяламын» деген екен. Ол осы орынға лайық деп Осип Мандельштам, Марина Цветаева, Анна Ахматовалардың есімін атайды. Орыс жазушылары арасынан Буниин бірінші боп Нобель сыйлығын алған. Ол Большевиктердің қанды қозғалысын қаралап, Францияға қоныс аударған. Бунинның жары Вера Николаевна өз күнделік жазбаларында жұбайын 1922 жылы Ромен Роллан Нобель сыйлығына ұсынғанын жазады. Иван Алексеевичтің Грасс қаласындағы жұпыны жанұясы мұндай құрметтің жүзеге асуына сенуден де қорқар еді. Кейінгі 11 жылда бұл оқиға ұмытала жаздаған еді. 1933 жылдың 9 қарашасында жазушы үйінде «мәнсіз кино көріп отырған уақытта» Стокгольмнен қоңырау шалады... Бунинге Нобельді беру мәселесін ұйымдағылар анық талдап, бағалаған еді: «орыс классикалық прозасының дәстүрлерін дамытудағы үлкен шеберлігі үшін» Нобель сыйлығы ұйымындағылар үшін Буниннің азаматтығын көрсету мәселесі де қиын болды. 715 мың француз франкі дәрежесіндегі чек Бунинге өмірінің соңына дейін жақсы тіршілік пен шығармашылықпен айналысуға жетер еді. Бірақ жазушы бұл ақшаны шашып жұмсайды, ол ақшаның көп бөлігін шетте қаражаттан қиналып жүрген қаламдастарына таратады. Қалғандары да оған кейін онша пайда әкелген емес.
Аударған: Тұрсынбек Башар
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vk.com
Ш. Талап