- Негізгі бет
- Аударма
- Нобель сыйлығының тарихына...
Нобель сыйлығының тарихына бір назар – 2
Хусан Эрматовтың "Нобель сыйлығының иегерлері" кітабынан:
Сыйлықты тапсыру рәсімі
Сыйлықтарды тапсыру рәсіміне дайындық жыл сайын көптеген ұйымдар тарапынан амалға асырылатын үлкен іс. Қазан айында лауреаттар анықталып, соңынан бекітіліп жарияланады. Сыйлық иегерлерін анықтауды Швеция корольдік ғылым академиясы, Швеция академиясы, корольдік институттың Нобель ассамблеясы және Норвегия Нобель комитеті жүзеге асырады. Сыйлықтарды тапсыру рәсімі әр жылы 10 желтоқсан күні екі мемлекет – Швеция және Норвегия астаналарында өткізіледі. Стокгольмда Швеция патшасы физика, химия, физиология және медицина, әдебиет, экономика саласы бойынша сыйлықтарды тапсырады. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Осло университетінде Норвегия патшасы және патшалық жанұяның мүшелерінің қатысуымен иелеріне тапсырылады. А.Нобель корпорациясына тиісті компаниялар ісінен алынатын табыстан әр жылы өзгеріп тұратын ақша сыйлығынан басқа, лауреаттарға Нобель суреті түсірілген медаль және диплом беріледі.
Нобель кеші
Нобель сыйлықтарын тапсыру кешінде ұйымдастырылған кешкі ас мәзірі ерекше маңызға ие. Бұндай банкет сыйлықты бірінші рет тапсыру рәсімі өткізілген күн - 1901 жылдың 10 желтоқсаны. Қазіргі уақытта бұл кеш қала басқармасының көк залында өткізіледі. Оған 1300-1400-ге жуық қонақ шақырылады. Оларға фрактармен кешкі киімде болу талап етіледі. Мәзірді дайындауда «басқарма асханасының» (басқарма жанындағы кіші мейрамхана) аспаздары және «жыл аспазы» номинациясына ие болған аспаздар қатысады. Қыркүйек айында мәзірдің үш түрлі нұсқасы бойынша дайындалған тамақтар Нобель ұйымы мүшелері тарапынан жеп көріліп, солардың ішінен кеш дастарқанына қойылатыны таңдап алынады. Тек десерт, яғни балмұздақ қана алдын ала мәлім етіледі. Бірақ оның өзінің қай түрінен дастарқанға қойылуы 10 желтоқсан кешіне дейін белгілі бір ортаны есепке алмағанда сыр ретінде сақталады.
Нобель банкеті үшін дастарқан элементтері арнайы істеп шығылған дизайн негізінде таңдалады. Әрбір дастарқан мен майлық шетіне Нобель портреті кестелеп салынған. Ыдыстар қолмен дайындалған, тәрелкелер шетіне Швеция ампир тәсілінде көк, жасыл және алтын рең сызықтар тартылған. Биллур фружер аяқтары да дәл сондай түстермен боялған. 1991 жылы Нобель сыйлығының 90 жылдығына арналған банкет үшін 1,6 миллион долларлық ыдыс-аяқтарға тапсырыс берілген. Бұған 6760 бокал, 9450 пышақ, шанышқылар, 9550 тәрелке және... бір ғажабы бір дана шай үшін кесе кірген. Шай кесе ханшайым Лилиана үшін, себебі бұл ханым кофе ішпейді екен. Өкініштісі осы шай кесенің қақпағы ұрланған. Залда үстелдер математикалық есеппен орналастырылады. Сан-Ремодан жіберілген 23 мың дана гүл болса залды көріктендіріп тұрады. Қызметтегі официанттардың әрбір әрекеті, секундтық дәрежеде есептелініп қойылады. Мысал үшін, балмұздақтың тартылуы кезінде бірінші официант подноспен есік алдында пайда болуынан соңғы официанттың үстелді тәрк етуіне дейін кеткен уақыт, тұп-тура үш минутты құрайды. Қалған тағамдарды дастарқанға тарту үшін екі минуттан уақыт кетеді.
Сағат тілі 19:00-ді көрсеткенде патша және патшайым бастаған құрметті қонақтар баспалдақпен көк залға түседі. Бұл уақытта барлық шақырылған қонақтар залда дайын отырады. Швеция патшасы Нобель сыйлығын иеленген әйелдің қолынан ұстап түседі.
Егер де бұл сыйлыққа әйелдерден ешкім лайық болмаса, онда патша физика саласындағы лауреаттың жұбайының қолынан ұстап кіріп келеді. Бірінші бокал патша үшін, екінші бокал Альфред Нобельді еске алып көтеріледі. Содан соң барып мәзір сыры жария етіледі. Мәзір әрбір орындыққа қойылған картаға майда әріппен жазылған болып, онда алтын рең түсті Нобельдің бір қырынан түсірілген суреті басылған. Кешкі асқа дүниенің ең әйгілі музыканттары шақырылады. Мысалы, 2003 жылы Ростропович және Магнус Лингрендер өз өнерлерін көрсету құрметіне ие болған.
Банкет балмұздақтың желінуімен аяқталады. Сағат тілі 22:15-ге жеткенде Швеция патшасы алтын рең залда бидің басталғанын хабарлайды. Сағат 01:30-да қонақтарға рұқсат беріледі. 1901 жылдан бері мереке дастарқанына тартылатын тағамдарды Стокгольм қала басқармасы мейрамханасынан тапсырыс беру мүмкіндігі жолға қойылған. Бұл тамақтардың нарқы 200 долларға жақын. Әр жылы жиырма мыңға жуық қонақ дәл осындай тапсырыс береді. Және әдетте мерекеге дайындалған тағамға талап үлкен болады.
Нобель концерті
Бұл концерт осы апта ішіндегі негізгі мерекелердің бірі. Бұл мереке Еуропада жылдың мерекелік ән кештерінің бірі болса, Скандинавия мемлекеттері үшін ең маңыздысы саналады. Бұл жерге заманның әйгілі әннің жілігін шағып, майын ішкендер қатысады. Бұған дайындалу бірнеше ай бұрын басталады. Барлық мерекелік концерт желтоқсан айының бірінші жартысында өткізіледі. Нобель концертіне әйгілі швед скрипкашысы Михаил Казиник эксперттік етеді. Осы концерт әр жылы 31 желтоқсан күні бірнеше халықаралық телеарна арқылы көрсетіледі.
Өзбек тілінен аударған: Тұрсынбек Башар
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: epochtimes.ru