Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш

Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш
Фото: amur.kz

Ол балалар әдебиетінде, классикалық әдебиетті де жаңғырта білді. Оның "Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте" деген сөзі даналыққа айналды. Ол – Қадыр Мырза Әли. Назарларыңызға Қадыр Мырза Әли шығармаларынан алынған нақыл сөздер ұсынамыз.

Адал дос бетіңе мақтамайды, сыртыңнан даттамайды. 

Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.

Бала тілі бола алмаса ана тілі, 
Ана тілі бола алмайды ешқашан!

Жібек жолын шөп басты.

Бас – біздікі, ақыл – басқанікі, 
Табыс – басқанікі, қалғаны – қасқанікі. 

Дана бастар қор болады, 
Шала бастар зор болады. 

Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.

Жаманның жанында ыржалақтап күлгенше, 
Жақсының жанында бірге жүріп күрсінгенің артық. 

Жылдар күтіп тұрған шығар – асықпа! 
Ажал күтіп тұрған шығар – шашып бақ! 

Өмірге үңілесің, тірліктен түңілесің, 
Қанша туласаң да, тағдырға жүгінесің. 

Шын сүю – өзіңді мүлде ұмыту.

Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш. 

Г. Берік
Logotype Massaget