Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

"Жаңа жылды қалай қарсы аласыз? Қандай жоспарыңыз бар?". Бұл жұлдыздарымызға қойылған сұрақ еді. 

 

Мақпал Жүнісова, әнші:

- Жаңа жылды тойлау-тойламауды халықтан сұрайық. Халыққа ұнап жатса, халықтан үлкен емеспіз, бірге тойлаймыз. Жаңа жылда көп ақша жұмсалатынын да ұмытпайық. Мәселен шыршаны 10 күн қалғанда құру керек дейтін болсам, оны құру соншалықты қиын шығар, мен ол жағынан бейхабармын. Өзіме келер болсам, Жаңа жылды үйде теледидар көріп, қызыммен, туысқандарыммен бірге отырып қарсы аламын. Жаңажылдық концерттерге арнайы шақыру, қатысу ойда жоқ.

Себебі онда мені ешкім де шақырмады. Ал 31 арна 11 қаңтарда болатын 50 жылдығыма қатысты кішігірім бағдарлама жасапты. Алла бұйырса көре жатармыз. Бұдан кейін Таң арнасы мен Хит тв арналары әндерімді алып, «эфирден беріп қалуымыз мүмкін» деді. Өз басым Жаңа жыл десе, Брежнев қайтыс болған жылы ұшағымыз ұшпай қалып, ол кездегі Целиноградта қалып қойғанымыз бар, осы есіме түседі. Енді бұл Жаңа жыл көбіне балалар мейрамы. Сондықтан да, қызыма қалаған сыйлығын алып беремін. Ал қандай сыйлық алғанымды барша жұртқа айтпасам да болатын шығар.

Рамазан Стамғазиев, әнші:

- Биылғы Жаңа жылды Астанада бала-шағаммен бірге қарсы аламын. Жаңа жылды көз ашқалы бері көріп келеміз. Күн ауысып, жыл ауысатын осы бір мерекені сол заманнан бері тойлап келеміз ғой. Аяз ата мен Ақшақарды күтіп, елмен бірге қарсы алып жүрміз. Мұнда өзімнің ойымда айтсам деп едім, бұл мереке біздің елде бір саяси науқанға айналып кетті.


 

Әйтпесе бір ай бұрын шырша жағудың не қажеті бар? Осыны түсінбеймін. Тәуелсіздіктен кейін де 2 апта уақыт бар еді ғой...

 

Ерболат Құдайбергенов, әнші:

- Жаңа жылды үйде, келіншегім мен баламның қасында қарсы аламын. Жаңа жылдан көп үміт күтеміз. Ойлаған жоспарларымыздың орындалғанын күтеміз. Бұл мерекені ел қатарлы қарсы алып тойлаймыз. Ал телеарналардың жаңажылдық бағдарламаларына бармаймын. Себебі телеарнаға әншілерді шақыру үшін ақша төленеді.

Ал сол ақша бізге жетпей жатады. Мен өз құқықтарымды білемін. Олай дейтінім, бізге, мына өнер адамдарына жаңа жыл соншалықты бір сезіле қоятын дүние емес.

Жігер Ауыпбаев, "Меломен" тобының әншісі:

- Жаңа жылды елден озып кетпей немесе қалыс қалмай жақсылап қарсы алу ойымызда бар. Алла бұйырса ата-анамызбен үйде қарсы аламыз. Өтер жыл мен үшін жемісі мол жыл болды. Алдағы 2014 жылға алға қойған мақсат-жоспарымыз да көп. Өз кезегімде бүкіл қазақстандықтарға тілерім, әр отбасында, әр шаңырақта елінің намысын ойлайтын, жүрегі қазақ деп соғатын тұлғалар өсе берсін. Жылқы жылы жылқы мінезді қазаққа берері көп жыл болсын. Елбасымыз аман болсын.


 

 

Шамшаддин Омаров, «Алдаспан» тобының әншісі:

- Жаңа жылды Алматыда, достарыммен бірге қарсы аламын. Енді 2014 жыл – жылқы жылы ғой, сондықтан мына халық үшін, өнер үшін «ат боп» жұмыс жасаймыз деген жоспарымыз бар. Жеке өзіме келсем, әрбір жігіттің ойлағаны – отбасы құрсам деген ой да жоқ емес. Алла амандық берсін тек. Жаңа жылға орай еліме, жұртыма табыс тілеймін. Еліміз тыныш болсын деген ниетім бар. Жаңа жыл құтты болсын!


Сауалнаманы жүргізген: Ардақ Құлтай

Сурет: freemusic.kz, carmen.kz, kazmuz.ucoz.com

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 30 желтоқсан 2013, 17:57
Пікірлер
+0
30 желтоқсан 2013, 18:07

Әншілер телеарна мен ақша мәселесі туралы ашық айта бастапты... Ерболат Құдайбергенов айтқан сөзін әрмен қарай өрбіте түссе деп едім ))) Мақпал апайға келер болсам, оны телеарнадан шеттеткенімен, халықтың жүрегінен ешкім де, ешқандай күш те шеттете алмайды. Мәселен өзім қарапайым халықтың бір өкілі ретінде Мақпал Жүнісова мен телеарнадан түспейтін қалтасы қалың біреу қатар тұрса, Мақпал апайға барып, қолтаңба алар едім. Ал жаңажылдық құттықтау үшін рақмет! Сіздердің де Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Шаманың бір пікірі өрт :) :)

+0
30 желтоқсан 2013, 18:26

Көпшілік жұлдыздарымыз үйлерінде қарсы аламын. Кейде дәл осы мерекелерде гастролдік сапарларда немесе той-томалақтарда жүретіндері де бар ғой... Дәл осы мерекені отбасымызбен бірге қарсы алғанымызға не жетсін!

+0
30 желтоқсан 2013, 20:34

Рамазан ағама қосыламын! Сөзінің соңғы жағын айтамын.

+0
30 желтоқсан 2013, 21:20

Бәрі бұл ерекше күні жақындарыммен қарсы алғысы келеді, Рамазан ағаның ойы ұнады

+0
30 желтоқсан 2013, 23:27

Қойыңдар, корпоративка ше? :D

+0
31 желтоқсан 2013, 00:06

Қазағым-ай, кең далаға бір қызыңды сыйдыра алмаған. Ал материалға :o

+0
31 желтоқсан 2013, 13:20

Жұлдыздар да қарапайым адам ғой)Жаңа жылда салат жеп теледидар қарайды да)

+0
31 желтоқсан 2013, 13:59

:idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.