Жаңажылдық мәзір: Капкейк

Жаңажылдық мәзір: Капкейк

Капкейктер – соңғы кезде үлкен танымалдыққа ие болған тәтті десерт. Атауын – "кішкентай торт" деп аударуға болады. Мәзір бойынша бұл кілегейлі төбешігі бар қарапайым кекстер. Әдетте капкейктерді түрлі кондитерлі заттармен сәндеп, мерекелік үстелге қояды. Жаңа жылда бұл актуалды тәтті сіздің де дастарханыңызда болуы керек.

Құрамы:

  • 2 жұмыртқа;
  • жарты стақан сүт;
  • жарты стақан қант;
  • жарты стақан сұйық май;
  • 1,5 стақан ұн;
  • 1 шай қасық қамыр қопсытқышы;
  • ванилин немесе ванильді қант;
  • 1 ас қасық какао ұнтағы.
Жұмыртқаға қант қосып, миксер көмегімен жақсылап араластырамыз.
Оған сүт, сұйық май, ванилин қосып, қайта араластырамыз.
Ұнды қамыр қопсытқышымен бөлек араластырып алған дұрыс.
Ұнды ақырын қосып, қамырды жақсылап араластырамыз.
Қамырды бірдей екі бөлікке бөліп, біреуіне какао ұнтағын қосамыз.
Қамырды осындай силиконды пішіндерде пісірген ыңғайлы, бір реттік қағаз пішіндерін де қолдануға болады.
Капкейкті 20-25 минут 180 градусқа дейін қыздырылған пеште пісіріңіз.

Төбешігін әзірлеу үшін сізге:

  • 0,5 стақан кілегей (сливки);
  • 2 ас қасық қаймақ;
  • 4 ас қасық қант ұнтағы (пудра) қажет болады.
Бірінші кілегейді миксер көмегімен араластырып, көбіктенгенін күтіңіз. Артынан қаймақ пен қант ұнтағын қосып, қайта араластырыңыз. 
Кекстің үстіне кілегей құйыңыз. 
Капкейкті майда түрлі-түсті кәмпиттермен, шоколад ұнтағымен, жидектермен сәндеуге болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

Жаңажылдық дастархан: "Алтын таға" салаты

Жаңажылдық дастархан: Пісірмей әзірлеуге болатын торт

Жаңажылдық дастархан: Мерекелік печенье


Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А