Жаңажылдық мәзір: Мерекелік печенье

Жаңажылдық мәзір: Мерекелік печенье

Глазурь жағылған мерекелік печенье жаңажылдық дастарханыңыздың сәніне айналмақ. Әзірленуі сәл қиын болғанымен, мұндай көрікті тәттілер мерекелік көңіл-күй сыйлап, үйдегі балаларды қуантады.

Қамыр құрамы:

  • 150 гр сары май;
  • 1/2 стақан қант;
  • 1/2 стақан бал;
  • 1 шай қасық ас содасы;
  • 1 жұмыртқа;
  • 1/2 шай қасық қамыр қопсытқышы;
  • 1 шай қасық даршын;
  • ұн.

Глазурь құрамы:

  • 1 жұмыртқаның ағы;
  • 1 стақан қант ұнтағы (пудра);
  • 1/2 шай қасық лимон шырыны.
Майды турап, орта отта май, бал, қантты араластырып ерітеміз. Қайнай бастаған кезде оттан алып, ас содасын қосамыз. Ерітіндіні әбден суытып, ішіне жұмыртқа, даршын, ұн мен қамыр қопсытқышын қосып, қамыр илейміз.
Қамырды екіге бөліп, пакетке салып, тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қоя тұрыңыз. Уақыт өткеннен кейін қамырды жұқа жайыңыз.
Қамырдан қиялыңызға қарай түрлі пішіндер кесіп алыңыз. Адамдар, шырша, жүректер, үйшіктер Жаңа жыл мерекесіне сай келеді.
Печеньені 8 минут 180 градуста пісіріңіз. 
Піскен печеньені 5 минут ыдысынан шығармай, қатуын күтеміз.
Глазурьді әзірлеу үшін жұмыртқаның ағын миксер көмегімен көбіктенгенше араластырамыз. Қант ұнтағын қоса отырып, лимон шырынын да ұмытпаңыз.
Глазурьді печенье үстіне қалауыңызша жағыңыз: адамның көздерін, түймелерін жасауға болады, толықтай глазурь жақсаңыз да әдемі көрінеді.
Глазурь жақсы қатуы үшін кем дегенде 20 минут өтуі керек. Жаңажылдық печенье дайын!

Жаңажылдық дастархан: "Алтын таға" салаты

Жаңажылдық дастархан: Пісірмей әзірлеуге болатын торт

Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А