Астанада тұрмысы төмен балаларға арналған шырша өтті

Бүгін Астана қаласы, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Есіл ауданындағы тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 230-дан астам балаға арналған жаңажылдық шырша өтті, деп хабарлайды Есіл ауданы әкімі аппаратына сілтеме жасаған astana.gov.kz.

«Жаңажылдық шытырман» бағдарламасы концерт, ойын-сауық блогынан және ертегі қойылымынан тұрады. Балаларды Аяз ата мен Ақшақар, жыл нышаны - жылқы мен мультфильм, халық ертегілерінің кейіпкерлері қарсы алды. 

Іс-шара соңында балалар биыл алғаш рет театрландырылған ертегі қойылымын тамашалады. Ертеңгілікке қатысқан әр балаға тәтті дәмділер мен сыйлықтар үлестірілді. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: af1461.livejournal.com