Жаңа жылға арманымдағы сыйлықты қалай аламын?

Жаңа жылға арманымдағы сыйлықты қалай аламын?

Төрден орын алғалы отырған мереке – жарқын түсті жылтырақтардың, мандариндердің және сыйлықтардың көзді жаулайтын мерекесі. Солай емес пе? Жаңа жыл дегенде есіңізге сыйлық түсе ме?

Алайда, бәріміз сол қалған сыйлығымызды алу қуанышына ие бола алмаймыз. Екі-үш жыл бұрын алған душқа арналған гельдер әлі бар, керамикалық ойыншықтарды қоятын жер таба алмай әлекпіз, кітаптарды шаң басып тұр... Дәл осындай жағдай биыл да қайталанбасын десеңіз, қалаған сыйлығыңызды алуға әрекет жасаңыз. Оған біздің себептер көмектесе алады.

Алғашқы амал. 

Бұл – тура айту амалы. Ашық айту немесе қойылған сұраққа қымсынбай жауап беру. Мереке алдында көптеген жігіттер сүйіктілерінен, құрбыларынан қандай сыйлық қалайтындығын сұрап жатады. Сол себептен де, сұраққа алдын ала дайындық жүргізіңіз.  Тізім жасаңыз да, ұятты жиып қойып көрсетіңіз. Еркектер – туралық пен дәлдікті құптайтын халық. 

Екінші амал.

Бұл – дипломатиялық амал. Құрбыларыңыздан, оның достарынан, ортақ туыстарыңыздан қалауыңызды жеткізу керек. Негізінде, шын сүйетін, шын сүйікті адамдар жақындарының не қалайтындығын өздері-ақ ойлап табады деген көзқарас бар. Олай болмаған жағдайда, құрбыңыз жігітіңіздің сауалына жауап беруге дайын болу керек.

Үшінші амал.

Дипломатиялық амалдың төңкерілген түрі. Яғни, алдыңғысына ұқсас келеді. Сіз анаңызбен, құрбыңызбен, достарыңызбен сөйлеспейсіз, жігіттің өзіне айтасыз: "Қымбаттым, менің анам, құрбыларым, туыстарым менің қандай сыйлық қалап жүргенімді сұрайтын болса, мыналарды айта саларсың...". Олар сұрамаса да, жігіт ойланып жүрген сауалға жауап тапты. Бастысы – бет әлпетті келістіру, эмоцияға берілу, сыбырлап айту.

Төртінші амал.

Бұл – күнделік арқылы жүргізілетін амал. Сіз блог жазасыз ба? Жазыңыз. Онда түсінікті тілмен қандай сыйлықты армандап жүргендігіңізді баяндауға болады. Керек десеңіз, дүкендердің өзіне сілтеме жасап қою артықтық етпейді. Бірақ, бұл жазба Жаңа жылға дейін жариялану керек. Жігітіңіз оқымайды десеңіз, осы жазбаны әлеуметтік желілеріңізге шығарып қойыңыз.

Бесінші амал.

Бұл – электронды амал. Бұл амал ортақ компьютерлеріңіз, ортақ смартфондарыңыз болғанда ғана іске асады. Ол үшін ойыңыздағы сыйлықтар жазылған бетті ашық қалдырып кетіңіз, төменгі жағына қалайтындығыңыз жайлы пікір қалдыруға да болады. Әрекетті бірнеше рет қайталаңыз. Себебі, жігіттердің барлығы мұқият емес. Және "Гуглдағы" сырғалар мен сіздің сыйлыққа сырға қалайтындығыңызды бірден түсіне бермеуі де мүмкін.

Алтыншы амал. 

Бұл – ұмытшақтықтың іске асар амалы. Иә, солай. Кейде қыздардың ұмытшақтығы таңғажайып істерді жасап жатады. Біз қалауымыздағы әтірлерді қызыл қаламмен қоршап қойған және керектігі айқын жазылған косметика каталогтарын ас үйде кездейсоқ қалдырып кетеміз. Немесе фитнес-клубқа абономент сатып алу туралы қағаздарды тоңазытқышқа жабыстырып қоямыз. Әрине, мұның бәрі кездейсоқ болу керек.

Жетінші амал.

Бұл – психологиялық амал. Тура айтуға ұяласыз, ал, жігіт тұспалдарды түсінер емес... Білекті түретін сәт келді. Анаңызға өзіңіз қалайтын сыйлықтардың тізімін өткізіп қойыңыз. Және жігітіңізге отбасыңыздың мүшелеріне не қажет екендігін білу үшін анаңызға қоңырау шалуына кеңес беріңіз. Анаңыз өз тізімін оқығанда, сіздің де тізіміңізді кездейсоқ оқып жіберсін. Бұл әңгімеге сіз қатыспасаңыз да болады.

Сегізінші амал.

Бұл – өзге арқылы өзіңе сыйлық жасау амалы. Сіз де жігітіңізге сыйлық ұсыну керексіз. Солай ғой? Сыйлық тек жігіттердің маңдайына жазылмаған. Жігітіңізді қалағанын алып беретіндігін айтып дүкен аралауға шақырыңыз. Оған киім таңдап жүріп, өзіңізге ұнайтын көйлектерді киіп көріп, қатты қалайтындығыңызды кеңесші-қызметкерлерге айтып қалыңыз. Есті жігіт өзі түсінер...

Тоғызыншы амал.

"Қап, бұзылып қалды". Сыйлыққа ұялы телефон немесе басқа бір техникалық құралдарды алғыңыз келсе, олардың бұзылып қалғандығын жиі айтып, өкініш білдіріп жүріңіз. Немесе жоғалтып алуға да болады.

Амалдарыңыз іске аспай жатса, көңіл-күйді түсірудің қажеті де жоқ. Жер бетінде бірде-бір рет сыйлық алып көрмеген адамдардың бар екендігін есіңізге алыңыз да, кез келген сыйлыққа қуануды үйреніңіз.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com